Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Сөйлем.Ән сабағы
|
Мақсаты
|
а) Оқушыларға сөйлемнің жазылу жолдарын және тыныс
белгілерін ұғындыру,Қазақстан өнер адамдары туралы
мағлұмат беру.
ә)Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, өз ойларын тез әрі
жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
б) Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, оқу құалын ұқыпты
ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, К.Байсейітова,Ш.Жиенқұлова суреттері.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,т әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: музыка
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген «Балаларға» өлеңін мәнерлеп оқыту,
152-жаттығудың орындалуын анықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің сөзден ерекшелігі не?Мысал келтір.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
IV. Мақсат қою кезеңі.-Балалар, ең сүйікті сабақтарың қай сабақ?-Ана тілі, тағы да ән. Ендеше бүгін біз сендермен Ән сабағы өлеңін оқимыз.
V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі
Күләш апамыз жасынан өнерді қастерлеп, ән-күйге әуес болып өскен.Әжесі Жасын-әжептеуір әнші болған.Шара апаларың халқымыздың бишілік өнерінің негізін қалаған.
153-жаттығу . Көшіріп жазыңдар
Жамбыл жыр алыбы. Ол жүз жасаған қарт бабаң. Жамбыл Сүйінбай ақыннан бата алған.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
154-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыспеноқыңдар.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылған.
Жасасын бейбітшілік! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көктем қандай тамаша! Алақай, апам келе жатыр!
Оқулықпен жұмыс. Ән сабағы өлеңін оқу
Мектептің әдемі ғой ән сабағы,
Қызық ау, әсіресе, ән сабағы.
Шәрипа Шара болып би билесе,
Күлипа Күләш болып ән салады.
Бәріміз бұл сабақта тамашамыз,
Үкілі бөрік киіп жарасамыз.
Апайға ән үйреткен риза боп,
Үйді үйге өлең айтып тарасамыз.
Балалар , қандай аттарды естідік? Мұнда сендер өнер қайраткерлері Күләш Байсейітова апаларың, т.б өнер қайраткерлерімен таныс болдыңдар.
VI.Жаңа материалды пысықтау.Өнер қайраткерлерінен тағы да кімді білеміз?
Қазіргі жас әнші, бишілерден кімді атай аласың?
VII.Бекіту кезеңі. Сөйлем деген не? Сөйлем неден құралады?Сөйлемнің сөзден ерекшелігі неде? Музыка ойнап «Ән сабағы » өлеңін айту.
|
Үйге тапсырма
|
Ән сабағы өлеңін жаттау 166 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Сурет сабағы. Сөйлем. Суретші ата Қастеев.
|
Мақсаты
|
а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қастеев туралы түсінік
беру.
ә) Сөйлем туралы білімдерін жетілдіре отырып, таным
әрекетін дамыту.
б) Патриоттық сезімін қалыптастырып дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, Қастеев суреті,өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген «Ән сабағы» өлеңін жатқа сұрау, қандай
өнер қайраткерлерін атадыңдар. Қайталап сұраймын.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады? Сөйлем деген не?
IV. Мақсат қою кезеңі. Түрлі-түсті қаламды қай сабақта пайдаланамыз?
-Сурет сабағында. Сурет сабағы. «Суретші ата
Қастеев».Барлықтарың оқулықтарыңды ашыңдар.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Жаңа сабақ. Суретші болу үшін не қажет? Өзің қандай суретті салғанды
ұнатасың? Суретшілерден кімді білесің?
Дәптермен жұмыс.
155-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көшіріп жазыңдар.
Көйлекті неден тігеді?Көйлекті матадан тігеді.Нені сүттен ұйытады?Айранды сүттен ұйытады.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?
156-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
VI.Жаңа материалды пысықтау. Суретші ата Қастеев өлеңін мәнерлеп оқыту.
VII.Бекіту кезеңі. Мақал-мәтелдер айту.Бүгін кім туралы өттік? Қастеев кім?
|
Үйге тапсырма
|
Жаттау 170 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |