Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Гүл. Мәншүк М. Алтын жұлдыз.Әлия М.
|
Мақсаты
|
а) Қазақтың қос жұлдызы, батыр қыздары , олардың ерліктері
туралы оқушыларға түсінік беру.
ә)Логикалық ойлау , есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
б) Елін, жерін сүюге, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру
|
Күтілетін нәтиже
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. «Құлын мінген бала» әңгімесінің оқушылардан
мазмұнын сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын
қорытындылау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген
материалдарды сұрақтар қою арқылы пысықтау
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
IV. Мақсат қою кезеңі. Қандай қазақ батырларын білеміз? Соның ішінде ҰОС батырлары туралы білеміз бе? Қазақтың қос жұлдыз, батыр қыздары М.Мәметова мен Ә. Молдағұлова және олардың ерліктері туралы не білеміз?
V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында Мәметовтер отбасында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?!. Ата-анасынан ерте айрылған ару қыз жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
Осылайша, Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты
|
Сергіту сәті
|
Тербеледі ағаштар,
Кіп- кішкентай ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Біп- биік болып өседі.
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс. Гүл
Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында
«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл
Қолына оның таласуда
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.
Алтын жұлдыз
Көкте зырлап барады, алтын жұлдыз
Жерде тұрып қарады, Әлия қыз
Алтын жұлдыз алысқа, кетті ағып,
Кетті ағып жас қызға, бір ой салып.
Алтын жұлдыз зымырап, кетті алыс,
Кетті алыс мылтық ап
Бір жап-жас қыз
V.Бекіту кезеңі. Өлеңді қатар –қатар оқытып, сұрақ қою арқылы талдату
|
Үйге тапсырма
|
Жаттау 188 бет, оқу 189 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |