Сабақтың атауы Біз осындай баламыз Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет5/7
Дата04.07.2018
өлшемі397,64 Kb.
#46380
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Менің ұстаздарым.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары 
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:              -    мұғалімнің ерен еңбегі туралы түсінік беру.
-    оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
-    мұғалімді сыйлауға, оның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сызба, сюжетті суреттер.

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.


Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Ойыншықтар үлестіріледі


Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Балалар ұстазымен бірге шеңбер жасап,  «Ұстазым» әнін 
орындайды.
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс- жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым менің, ұстазым.

Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Әңгімелесу:
Мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластық туралы қарым – қатынас туралы әңгімелесу ұйымдастырылады.

  • Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

  • Ұстаздарыңызды қалай қуантар едіңдер?

Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, қорытынды жасайды.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.»   М.Әуезов
қанатты сөздермен толықтырылып қорытындыланады.

 

Мәтінмен жұмыс:


Оқушыларға ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мақсатында оқулықтағы өлең ұсынылады. Оқушылар өлеңді оқып, ондағы негізгі ойға мән беріп, берілген сұраққа жауап береді.

  • өлеңде ұстаз деп кімді айтып отыр?

  • ұстаз бойындағы қандай жақсы қасиеттер айтылып отыр?

Тапсырма
Суретпен жұмыс арқылы ұстаз еңбегі туралы мәлімдеме жасау.

Жаңа ақпарат
Оқулықта берілген жаңа ақпаратты талдай отырып, ұстаздың адам өміріндегі маңызы түсіндіріледі.

Мәтінмен жұмыс
«Өнерлі жігіт» аңыз әңгімесі оқылып талданады.

Ой толғаныс

Сызба бойынша оқушылар ұстазға тән қасиеттер жазылған жолақшаларды іледі.




Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық, себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.
Шаттық шеңбері

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.


Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу



Гүлдер арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту


Өткен сабақта саған не әсер етті?

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас
жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, 
отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

Рефлексия

Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондық - 
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.
Жаңа ақпарат
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.
Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздыру.Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау
үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
Жариялау.
Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды, 
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме, 
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет