Сабақтың атауы Дауыссыз к мен г Мақсаты Мақсаты: а Оқушыларға к мен



бет3/3
Дата22.01.2017
өлшемі235,91 Kb.
#7558
түріСабақ
1   2   3



Пәннің аты

Уақыты:19.10

Кабинет:

Мұғалім




Сабақтың атауы

Дауыссыз н мен ң

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Дауыссыз Н-Ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін ұғындыруға алған білімдерін тиянақты, жетілдіру.

Психологиялық ахуал

Поэзия минуты.

            М.Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі оқылады.

Қарағым оқу оқы, босқа жүрме!

Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме,

Жасынан оқу оқып, өнер қуған

Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге

-Нені түсіндік?

-Балаларға қандай өсиет айтады?

-Үнді дауыссыз дыбысы бар сөздерді атаңдар.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1-тапсырма. Көркем жазу сәті. Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)

н-ң дыбыстары қандай дыбыстар?

н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс, екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлдем жуықтамайды.

Н-тіл ұшы дыбысы

Ң-тіл арты дыбысы.

2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі?»

Жұмбақ шешу.

1.      Нанда бар, майда жоқ.

Ұнда бар, айда жоқ.  (н)

2.      Шаңда бар, гүлде жоқ

Аңда бар сайда жоқ. (ң)

3-тапсырма. Ой қозғау. «Тез тауып, бөгелмей айт»Тон-тоң, шын-шың, он-оң (сөздегі өзгертіп тұрған дыбыстарды салыстырып, мағынасын түсіндіру.)



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.

1-топ 129-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазу.Н,ң әріптерінің астын сызу.

2-топ 130-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.

3-топ 131-жаттығу.Ңғ,нг,ңғ әріптерініңтиістісін қойып,сөздерді көшіріп жазу.

4-топ.132-жаттығу.Жауынгер,таңғы,әңгіме сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрау.


Сергіту сәті

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!



Ой толғаныс

 «Ойлан тап». (7 күн,  суреті ілінеді)

-Суреттен нені түсіндік. «7 күн – 1 апта». Олай болса әр күнді өз атауымен атап, жасырынған дыбысты табайық.

1.Дүйсе  бі            3.Сәрсе  бі       5.Жұма

2. Сейсе   бі          4. Бейсе  бі      6. Се бі

-Қандай дыбыстар жасырынған?

Н – дауыссыз, үнді дыбысы.

Сабақ соңында барлық тапсырма орындалып болғасын жаңбыр ашылып күлімдеп күн шығады


Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс.133-жаттығу.



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес елді мекені №38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Карима Дуйсенбиевна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет