Пәннің аты
|
Уақыты:19.10
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
|
Сабақтың атауы
|
Дауыссыз н мен ң
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Дауыссыз Н-Ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін ұғындыруға алған білімдерін тиянақты, жетілдіру.
|
Психологиялық ахуал
|
Поэзия минуты.
М.Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі оқылады.
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме,
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге
-Нені түсіндік?
-Балаларға қандай өсиет айтады?
-Үнді дауыссыз дыбысы бар сөздерді атаңдар.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
1-тапсырма. Көркем жазу сәті. Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)
н-ң дыбыстары қандай дыбыстар?
н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс, екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлдем жуықтамайды.
Н-тіл ұшы дыбысы
Ң-тіл арты дыбысы.
2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі?»
Жұмбақ шешу.
1. Нанда бар, майда жоқ.
Ұнда бар, айда жоқ. (н)
2. Шаңда бар, гүлде жоқ
Аңда бар сайда жоқ. (ң)
3-тапсырма. Ой қозғау. «Тез тауып, бөгелмей айт»Тон-тоң, шын-шың, он-оң (сөздегі өзгертіп тұрған дыбыстарды салыстырып, мағынасын түсіндіру.)
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Жаңа сабақ
|
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.
1-топ 129-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазу.Н,ң әріптерінің астын сызу.
2-топ 130-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3-топ 131-жаттығу.Ңғ,нг,ңғ әріптерініңтиістісін қойып,сөздерді көшіріп жазу.
4-топ.132-жаттығу.Жауынгер,таңғы,әңгіме сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрау.
|
Сергіту сәті
|
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
|
Ой толғаныс
|
«Ойлан тап». (7 күн, суреті ілінеді)
-Суреттен нені түсіндік. «7 күн – 1 апта». Олай болса әр күнді өз атауымен атап, жасырынған дыбысты табайық.
1.Дүйсе бі 3.Сәрсе бі 5.Жұма
2. Сейсе бі 4. Бейсе бі 6. Се бі
-Қандай дыбыстар жасырынған?
Н – дауыссыз, үнді дыбысы.
Сабақ соңында барлық тапсырма орындалып болғасын жаңбыр ашылып күлімдеп күн шығады
|
Үйге тапсырма
|
Дәптермен жұмыс.133-жаттығу.
|
Күнделіктеріне жазып алады
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|