Сабақтың атауы Дыбыс және оның түрлері 2-сағат Мақсаты



бет2/8
Дата25.12.2016
өлшемі0,78 Mb.
#4884
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы. Алтынсарин. Кел балалар оқылық!

Мақсаты


. 1.Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 
2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту. 
3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.


Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ы.Алтынсарин туралы түсінік. 
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды. 
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. 
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары: 
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады? 
2.Білім не үшін керек? 
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты? 
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: 
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле. 
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің? 
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар: 
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны) 
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.




Ой толғаныс

Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? 
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? 
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? 

Үйге тапсырма

Мазмұндау



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет