Пәннің аты
|
Күні:
|
Сыныбы:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Мозаика. Дән тұқымынан мозаика құрастыру.2 сағ.
|
Мақсаты
|
Білімділік: оқушыларға жалпы дәнді – дақылдар туралы толық мағлұматтар беру;
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау шеберліктерін, эстетикалық талғамын ұштастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дәннен жасалған картина.
|
Күтілетін нәтиже
|
Психологиялық ахуал
|
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастау қиын.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
Еңбекке баулу пәнінен жинақталған сұрақтарға жауап беру.
Өнер тобы
1. Көктікен гүлін дайындау реті.
2. Қағаз қандай материал?
3. Құрақ дегеніміз не?
4. Тамбурлы тігістің Отаны қай мемлекеттер?
5. Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар?
6. Құрамақтарды неден құрастыруға болады?
7. Мозаика дегеніміз не?
Талант тобы
1. Тігіс түрлерін ата?
2. Симметрия дегеніміз не?
3. Шидің пайдалануға дейінгі тазалығы
4. Әшекейлі бет орамалдарды ата?
5. Емен ағашы неше жылдай өседі?
6. Электр тізбегінің шартты белгілерін ата?
7. Киіз үй бөліктерін ата?
Оқушылар бүгін біз дәндерден бұйым жасауды үйренеміз. Дәнді – дақылдардан әдемі бұйымдар жасауға болады. Дәндерден бұйым жасамас бұрын олардың құрамы мен емдік қасиеттеріне тоқталып өтейік.
Қауын тұқымы
Емдік қасиеті. Тәтті, дәмді, суық райлы, іркілген қанды таратады, өкпені тазалайды, ішекті дымқылдандырады. Ауыздың сасуына: қауын тұқымынан қажет мөлшерде алып талқандап, таңертең ашқарынға ауызды ысады немесе балмен араластырып дәрі жасап тіске басса да болады. Бел, аяқ қақсап ауырғанда: 120гр. қауын тұқымын талқандап 10 күн араққа шылап, бір ішкенде 10мл-ден үш күн ашқарынға ішеді. Ішекке ас тоқтап тынышсыздануға 6-15гр. Қауын тұқымын талқандап сумен ішеді. Қауын тұқымы 10гр. , аю балдырған 30гр, жылан қабығын бір дана талқандап, әр ретте 12гр, тамақ алдында ішеді. Соқыр ішек қабынуға: басқа дәрілерді қауын тұқымын қосып ішкізсе, соқыр ішектің қабынуының алдын алады.
Асқабақ. Асқабақ пен дәрмене (жусан түрі) ұрығының ұнтағынан бір-бір ас қасық алып, сол ұнтақты жарты килограмм қара мейізге қосып темір келіде жаншып, осының бас бармақтайын күніне 4 рет глимастасы бар балаға жегізсе, бір күннің ішінде іштегі құртты айдап шығарады.
Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе - бауыр, көкбауыр, қант диабеті ауруларына өте жақсы ем. Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе, несепті жүргізеді, бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.
Сөкті — тарыны ақтап, қауызынан тазартып алады. Тазаланған сөк — арнайы өңделген тары дәні — жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Кейбір сөктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.
Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында сіңімді белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өндеу тәсілдері мен дон сапасына қарай қарақұмық жармасы ұнтақталмаған тұтас жарма және тез пісетін жарма болып бөлінеді. Ұнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармадан қоймалжың ботқа әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі кебіртек ботқа, сонымен бірге гарнирге, турамаға пайдаланады.
Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А, В, С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі.
IV. Дәнді – дақылдарды жұмысқа дайындау реті.
• Қауын дәнін алдын – ала жуып, күнге кептіріп алады;
• Асқабақ дәнін әбден сүртіп, кептіріп аламыз;
• Таңдалған дәндерді суретке байланыстыра отырып эскиз дайындаймыз;
• Дәндеріміз жылтыр, әрі әдемі көрінуі үшін түссіз лак ерітіндісімен бояу керек.
|
Сергіту сәті
|
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
(жұмбақтар шешу)
1. Аппақ дала, қойлары қара. (қағаз бен әріптер)
2. Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар. (ине)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
4. Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады. (ай)
5. Суықта солмайды,
Аязда тоңбайды. (жасанды гүл)
6. Кетер ұшып күзде -
Күдеріңді үзбе
Көктем шыға Қайта,
Қауышады бізде. (құстар)
7. Бетіңді тырыстырады,
Арқаңды құрыстырады.
Ыңғайына көне берсең,
Досыңмен де ұрыстырады. (ашу)
8. Дүниеде бір қудың бар беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (оқу, білім)
|
Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
Әр сыныптың бір жылдық сабақ жоспарлары (кмж омж) 1000 теңгеден
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
не Каспийбанк депозиті арқылы ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып
осы номерге телефон соғып, қажетті сабағыңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақты жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабағыңыздың толық нұсқасы салынады.
Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле
Достарыңызбен бөлісу: |