Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме



Дата05.11.2016
өлшемі152,67 Kb.
#746
түріСабақ
1.

7 «А» сыныбына арналған Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

5-апта

5-күн

1-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз»



Сілтеме

Оқулық;Алматы «Атамұра»" 2012ж. Мұғалімге арналған нұсқаулық; Абай қара сөздері «Өнер» 2006ж;

Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz. Islam Dini.ru «Абайдың қара сөздері»



Жалпы мақсаттар

Диалогтік оқытуды қолдана отырып негізгі идеяны түсіну, бейнероликтер арқылы сабақтың сапасын көтеру, салыстыра отырып сөз қадірін байыптау, сабақ барысында мақалдарға деген өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы формативті және жинақтық бағалау.

Оқыту нәтижесі

Ой толығады; қарасөз қадірін түсінеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.

Негізгі идеялар

Ата-ана қадірлі жандар

Періштені алтында жолдан тайдырмас



Тапсырмалар

1-тапсырма:
«Адамгершілік» сөзін қалай түсінесіңдер?
Өз түсініктеріңді қарасөз,мәтін, мақал-мәтел түрінде жеткізуге болады.

2-тапсырма: Жиырма тоғызыншы қара сөзді аудио құрылғыдан тыңдап, топ болып, ой қорыта отырып өз шешімдерін айту,қорғау.

3-тапсырма:
Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы).

4-тапсырма: Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ»



Міндеттері

1.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау.

2. Абай қарасөздерінің мән-мағынасын ұғыну.

3.Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

4. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.

5. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.


Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Қарасөзді толық оқып, жүйелі мазмұндауға дайындалып келу

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім оқушыларға өз аттарына сын есім қосып айтып таныстырып кетуін сұрайды. Мұғалім өз атын үлгі ретінде көрсетеді және оқушыларға сол үлгі бойынша өз есімдерін таныстыруды сұрайды . Мысалы: Жігерлі Жеңісбай.

Жасыл,сары , ақ, көк,қызыл түстер арқылы 5 топқа бөлініп отырады. /2 минут/



І. Ой қозғау. 5-минут

1-тапсырма: Оқушылар берілген «Адамгершілік» тақырыбына өздерінің түсініктері бойынша ойтолғау жазды. Мұнда адам бойында болатын асыл қасиеттерді өз шығармаларында анықтады.



ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

2-тапсырма.Мақсат қойып мәтінді оқу. АКТ-ны қолдану. (интернет желісінен Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі оқылады). 5 топ осы қарасөз желісі арқылы тақырыпты ашуға жұмыстанды. Қазақ мақал-мәтелдерін орынды пайдалану керектіктеріне көздерін жеткізіп, дәлелдер келтірді. Постерлерге әртүрлі бейнелер салып мақал мазмұнын ашуға үлестерін қосты.
3-тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін. (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы).

Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз. Топтарға мақалдар бөліп берілді.

1-топ. «Жарлы болсаң, арлы болма».

2-топ. «Қалауын тапса қар жанады».

3-топ «Атың шықпаса жер өрте».

4-топ «Алтын көрсе періште жолдан таяды».

5-топ «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті».

Берілген тапсырманы балалар мұқият қарап, өз топтарымен ойласа отырып, шешімдерін қабылдады. Балалар бойында өз топтарының намыстары үшін атсалысу, дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік туды.


ІІІ. Ой толғаныс

4-тапсырма. Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ»

Модуль: сыни тұрғыдан ойлау-пікірді толықтыру, дәлелдеу. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау. Формативті және өзін бағалау

Үй жұмысы: «Жиырма тоғызыншы сөз» оқып, түсінігін айту.
«Періштені алтын да жолдан тайдырмас» ой толғау жазу



2.

7 «А» сыныбына арналған Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары



6-апта

2-күн

3-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі



Сілтеме

Оқулық; Ахат Шәкәрімұлы «Аштық азабы»1994ж. Абай журналы №9, Досаев Т. «Асылдың сынығы» Семей таңы 2000ж. Слайд ; Интернет желісі;

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін тудыра отырып, тақырып идеясын түсінуге, метатану арқылы жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс жасау мүмкіндіктерін зерттеуге, зерттеу жұмыстарын бере отырып балалардың таланты мен дарынын анықтау, сабақ барысында балалардың өзін-өзі шынайы бағалауға ықпал жасау.

Оқыту нәтижесі

Ақын өмірінен толық мәлімет алады, өлең мазмұнын түсіне отырып,талдауға үйренеді, достарымен ортақ пікірі қалыптасады, сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнайды, оқушының сыни көзқарасы қалыптасады.

Негізгі идеялар

Адалдық пен арамдық арасын ажырата білу.

Жастарды ғылым, білімге жетелеу.

Надандық, салғырттық, уайымсыздықтан арылу.


Тапсырмалар

1-тапсырма: Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және ақын өлеңінен үзінді тыңдатып оқушылардың ойларына қозғау жүргіздім

2-тапсырма: Шәкәрім өміріне зерттеу жүргізу

3-тапсырма: «Жастарға» өлеңін құрылысына талдау.

4-тапсырма: Өлең жолдарын қарасөзбен жазу.

5-тапсырма: Оқушылар өлең жолдарын өз топтарымен ақылдаса отырып мазмұнын ашу, қорғау (постер, диалог, көрініс т.б)


Міндеттері

1.Шәкәрім өмірінен мағлұматтар алу.

2. Өлең құрыысын талдауға үйрету.

3. Талантты және дарынды балаларды анықтау.

4. Адалдық қасиетін қалыптастыру.

5. Оқушыларды шынай бағалау, өзін-өзі,топтық бағалауға үйрету.


Кейінгі тапсырмалар

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін жаттау


Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім өткен сабақты қорытындылау үшін «Сыр сандық» әкеліп, өтілген материалдардан сұрақ беріп, жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады.

І. Ой қозғау. 5-минут

1-тапсырма : Интернет желісі арқылы Иассауи тобы орындаған Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және ақын өлеңінен үзінді тыңдатып оқушылардың ойларына қозғау жүргіздім. Бұл шығарма авторы туралы сұрап, жауап алдым.

ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-зерттеу, талдау. Сыни тұрғыдан ойлау- бағалау.

2-тапсырма:
1-топ: Шәкәрім өмірі жайлы деректер
2-топ: Шәкәрім шығармалары жайлы ой қозғау
3-топ: Шәкәрім игерген ғылым
4-топ: Шәкәрім аудармалары
5-топ:Шәкәрім әндері мен өлеңдерін орындау

Шәкәрім өмірі ,шығармашылығы бойынша берілген зерттеу жұмыстарын ортаға салу. Мұнда оқушылар үйден Шәкәрім туралы деректер жинап келу және өз топтарымен осы деректерді қорғау.



3-тапсырма: «Жастарға» өлеңін құрылысына талдау.

Оқушыларға Шәкәрімнің оқулықта берілген 14 шумақ өлеңін бөліп бердім. Берілген өлең шумақтарын құрылысына талдау және оны айтып беру сұралды.Балалар берілген тапсырманы тиянақты орындап шықты.



ІІІ. Ой толғаныс

4-тапсырма. Өлең жолдарын қарасөзбен жазу.

Тапсырма шарты бойынша өлеңді қарасөзге айналдырып жазу. Бұған топтар өз түсініктерін жазды. Шәкәрімнің өз тұсындағы сауатсыз халыққа жаны ашып, оларды білімге шақыру жолындағы қызметін айқындап көрсетті.


5-тапсырма: Оқушылар өлең жолдарын өз топтарымен ақылдаса отырып мазмұнын ашу, қорғау (постер, диалог, көрініс т.б). Бұл тапсырмаға балалар белсенділік танытты. Мұнда олар өз ойларынан әртүрлі көрініс үлгілерін, сұхбат,кездесу сәттерін тиімді түрде көрсетті.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау

Үй жұмысы: Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін жаттау

Модуль: АКТ-ны пайдалану, СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту.






3.

Әдебиет пәнінен 7 «А» сыныбына өтілетін ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

6-апта

5-күн

3-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Абай және Шәкәрім шығармаларының үндестігі



Сілтеме

Оқулық;Абай өлеңдер жинағы ; Интернет желісі;mtdi.kz > kz/ olenqter. Шәкәрім шығармалары; өлең,дастандар, қара сөздер; Алматы «Жазушы »баспасы 1988 ж.Интернет pushkinlibrary. kz > Marafon/ shakarim

Жалпы мақсаттар

Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып, оқушы көшбасшылығын анықтау. Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу. Хат, сұхбат, диалог , сахналық көріністерді қолдандыра отырып бала дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасау.

Оқыту нәтижесі

Ақындар өмірі мен шығармаларын салыстыра отырып, олардық ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсінеді. Шығармаларда көтерілген негізгі проблемалық мәселелерді, тақырыптарды анықтауды үйренеді.

Негізгі идеялар

ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр аяғындағы қазақ халқының жай-күйі.

Ақындар өмір сүрген уақыттағы білімге деген көзқарас.



Тапсырмалар

1-тапсырма: Жамандықты көп қуған , бір пәлеге жолығар (шағын мәтін, ойтолғау, тақырып бойынша пікір жазу)

2-тапсырма: а) Абай мен Шәкәрімнің өзара үндестігі

ә)Ақындар шығармаларындағы тақырып,

өлеңнің сыртқы пішініндегі үндестік

(буын,бунақ,тармақ, шумақ, ұйқас)

3-тапсырма: Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру

(ақындар шығармаларындағы үндестікті анықтай

отырып постер қорғау).

4-тапсырма: Абай . Ұрпақтарыма үндеу хат

5-тапсырма: Шәкәрім : Сыр сұхбат (әңгімелесу,диалог, сұхбат,

пікірлесу, ой қорыту)


Міндеттері

  1. Абай мен Шәкәрім арасындағы үндестікті анықтау.

  2. Оқушыларды көркем оқуға, мәнерлеп оқуға баулу, балалар бойындағы қабілеттерін анықтау.

  3. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасырбасындағы қазақ әдебиетінің жай-күйін түсіндіру.

  4. Сөз қадірін түсіну, ақын шығармаларын талдауды үйрету

Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Біреуге ор қазба, өзің түсерсің ( ойтолғау жазу)

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім: Абай: Менің кеудем сендерге сандықпен тең,

Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең.

Ішін түгел көрген соң өз көзіңмен,

Тахқиқ мені күнәқар, қу демес ең.


Шәкәрім: Қазақ сыншыл болса екен,

Болмасын деп айтпаймын.

Жетегіме ерсе екен,

Өлсем де тыныш жатпаймын деген өлең жолдарымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Абай мен Шәкәрім шығармиаларының үндестігі » екендігін айтып сабақты бастадым. Оқушыларды төрт топқа бөліп, топ ережесімен таныстырып, топ құрамын өздері анықтауды тапсырдым. Топ құрамы анықталған соң, ойқозғау тапсырмасы берілді.


І. Ой қозғау. 5-минут

Жамандықты көп қуған , бір пәлеге жолығар (шағын мәтін, ойтолғау, тақырып бойынша пікір жазу). Бұл тапсырма арқылы балаларды ақындар шығармаларының тақырыптарын саралай білуге, жақсы, жаман қасиеттерді түсінуге ықпал жасадым. Берілген тапсырма бойынша балалар топпен жұмыс жасап, өз ойларын ортақ бір арнаға үйлестіруге үйренді.


ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-талдау, салыстыру. Сыни тұрғыдан ойлау- бағалау.

2-тапсырма: а) Абай мен Шәкәрімнің өзара үндестігі

ә)Ақындар шығармаларындағы тақырып,

өлеңнің сыртқы пішініндегі үндестік

(буын,тармақ, шумақ, ұйқас)

3-тапсырма: Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру (ақындар шығармаларындағы үндестікті анықтай отырып постер қорғау).


2-тапсырма бойынша балалар Абай мен Шәкәрімнің туыстық жақындығын айтып, олардың өмір сүрген заманындағы ортақ проблемаларды анықтай білді.

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі мен Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңін салыстыра отырып, ортақ тақырып пен көтерілген мәселелерді анықтады.

3-тапсырма бойынша ақындар шығармаларын өз көкжиектерімен қарап салыстырып постерге түрлі суреттер салды. Ақындар өмір сүрген ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ проблемасын анықтап берді.

ІІІ. Ой толғаныс

4-тапсырма: Абай . Ұрпақтарыма үндеу хат

5-тапсырма: Шәкәрім : Сыр сұхбат (әңгімелесу,диалог, сұхбат, пікірлесу, ой қорыту)

4-тапсырма бойынша Абай аталарның үндеу хаты деп мына бір шумақ өлең жолына жауап жазуға тапсырдым:

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Бұл хатқа балалар



Ұрпақтарымнан жауап хат

Аса қадірменді Абай ата....... деп өздерініңақын туралы, оның шығармалары туралы ойларымен бөлісті

5-тапсырмада балалар Шәкәрім атамен әңгімелесу,сұхбат жүргізу.

Өмір жолы, шығармалары, айтайын деген ой-пікірін анықтау . (әңгімелесу,диалог, сұхбат, пікірлесу, ой қорыту). Мұнда әр топ бір-біреуіне ұқсамайтын сұхбат,кездесу, диалог, көрініс көрсетіп, тапсырманы өте жақсы деңгейде орындап шықты.

Модуль: АКТ-ны пайдалану, СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Бағалау: Формативті және өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: «Біреуге ор қазба-өзің түсерсің» ойтолғау жазу





4.

7 «А» сыныбына арналған Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

7-апта

3-күн

3-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» мысал



Сілтеме

Оқулық; Әдебиет танытқыш .Алматы «Атамұра» 2003ж.

Интернет; yaneuch. ru > cat_09/ahmet- bautrsynov/36647.

ZooPicture.ru >tag/byk/.


Жалпы мақсаттар

Диалог арқылы сыни тұрғыдан дамыту.(Александер 2001,2008жж) .Оқушыларға А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту,аудармаларына шолу, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу,әдеби-теориялық талдау жасау.
Сұрақ,тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.
Адамгершілікке, қарапайымдылыққа,өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.

Оқыту нәтижесі

Мысал жанрын оқи отырып, адам бойындағы әртүрлі қасиеттерді бағалай біледі. Адамгершілік,парасаттылық, ынтымақтық сияқты жақсы қасиеттерді қабылдап, алауыздық,екіжүзділік, өркөкіректік сияқты жаман қасиеттерден өз бойларын аулақ ұстауға дағдыланады.

Негізгі идеялар

Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде немесе адамдарда болатын түрлі қасиеттер.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге байланысты ассоцация жазу



2-тапсырма:Зерттеу жұмыстары : Ахмет Байтұрсынов кім?

3-тапсырма: Мысалды талдау

4-тапсырма: Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы түйін
оқушылар көзқарасымен (ойтолғау, көрініс, хат, сұхбат, өлең жазу т.б)


Міндеттері

1.Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен таныстыру.

2. Мысал өлеңдер мазмұнына зер салу,түсіну.

3.Көшбасшылықты және дарындылықты анықтау.

4.Балалардың өзара ынтымақтастығын қалыптастыру.

5. Өз-өзіне шынайы көзқараспен қарауға үйрету.


Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым
(шығарма жазып келу)

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім: Баяғы қалпы,

Баяғы салты,

Бұл неткен жұрт ұйқышыл?

Болсын кедей, болсын бай,

Жатыр бейқам жым-жырт жай, деп бүгінгі сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының өлең жолдарымен бастағанды жөн көрдім. Сабақты оқушыларды топқа бөлу, ережемен таныстырумен бастадым.Топқа бөлінген соң өздеріне топ құрамындағы рөлдерді бөліп алуға 1 минут уақыт бердім.

І. Ой қозғау.

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге байланысты ассоцация жазу. Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында осы тапсырманы бердім. Оқушылар жақсы қасиеттерге: адамгершілік, имандылық, парасаттылық, шыдамдылық т.б сөздерді жазды, ал жаман қасиеттерге ұрлық,өтірік,зорлық,қиянат т.б сөздерді жазып солар туралы өз түсініктерін айтып өтті.

ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-зерттеу, талдау. Сыни тұрғыдан ойлау- бағалау.

2-тапсырма: Зерттеу. Ахмет Байтұрсынұлы кім? Деген сұрақ бойынша алдын-ала оқушыларды топқа бөліп сұрақтар беріліп зерттеу жүргізу тапсырылған болатын.

1.Ахмет Байтұрсынов-қазақ әдебиетін зерттеуші.

2. Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілін зерттуші.

3. Ахмет Байтұрсынов-ағартушы.

4. Ахмет Байтұрсынов-аудармашы. Балалар бұл тапсырмаларға тиянақты дайындалып келіп, сұрақтарға толық жауап беруге тырысты.



3-тапсырма: Мысалды оқып, өлең мазмұнын ашың
(түсініктеріңді постер арқылы қорғау).
Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» мысалын оқи отырып, ол тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, постерге суреттерін салды. Өмірде болатын «Біреудің қолымен от көсейтін» адамдар жайлы ұтымды пікірлермен қорғай білді

4-тапсырма: Мысалды талдау. Мұнда балалар мысалда келтірілген кейіпкерлерге мінездеме берді. Ол кейіпкерлердің ұнамсыз іс-әрекетін сынға алды.

ІІІ. Ой толғаныс

5-тапсырма: Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы түйін оқушылар көзқарасымен
(ойтолғау,көрініс,хат, сұхбат,өлең жазу т.б)

Бұл тапсырмада ақын шығармасы оқушылар көзқарасымен сомдалды. Олар осы тақырыпты ашу үшін көрініс, сұхбат, ойтолғау, өлең жазды. Шығарма мазмұнын оқушылар толық аша білді.



Модуль: АКТ-ны пайдалану, СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Бағалау: Формативті және өзін-өзі бағалау


Үйге тапсырма: Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым (шығарма жазып келу)




Каталог: assets
assets -> Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет