Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет50/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

К. Оразалин. Абай шаңырағы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Абай шаңырағын» әңгімесіндегі мәтінді оқыту арқылы қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарынан мәліметтер беру, қазақтың киіз үй жабдықтары туралы түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Саналы, түсініп дұрыс оқуға машықтандыру.
Мәтін мазмұнын әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлттық салт – дәстүрді сақтай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сөздік, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаевтың портреті, интерактивті тақта,
презентация слайдтары, көрме, бүктемелер.
Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Бүгін қай күн? Бейсенбі
Ертең қай күн? Жұма
Оят онда Бейсенді
Оят онда Жұманы
Сабағынан қалмасын
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалімдер
Тыныш болып түніміз
Ашық болып күніміз
Сәттілікке толсын
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Шал мен бала» әңгімесі
А) Мәтінде не туралы айтылған?
Б) Атаға көмектескен бейтаныс баланың аты кім?
В) Мәулен не себепті атадан ұялды?
Г) Мәулен қандай оқушы?
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
«Абай» сөзжұмбағын шештіру
Сұрақтары:
1. Үлкен қарияны қалай атаймыз?
2. “Шал мен бала” әңгімесінің авторы кім?
3. Мәулен кімге көмектесті?
4. Қария кісіні бала неден демеп түсірді?
«Абай» сөзжұмбағын шештіре отырып, бүгінгі «Абай шаңырағы» тақырыбымен таныстыру.
Жаңа материалды меңгерту.
Ендеше, балалар, Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
Абай кім?
Абай - ақын, философ, жазушы, аудармашы, композитор
Дүниеге келген жері: Семей облысы, Семей ауданы, Шыңғыс тауында 1845 жылы дүниеге келген.
Шығармалары: «Жаз», «Күз», «Қыс», «45 қара сөзі», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т. б.
Кәмен Оразалин (1920 – 2008)
Жазушы
Кәмен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген.
1939 жылы орта мектепті бітіргеннен соң мұғалім болып, сауатсыздықты жою науқанына қатысты.
Әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысы майданында 365 атқыштар полкінің қатарында соғысты.
1947 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірді. Ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Алғашқы повесі «Жексен» 1950 жылы жарыққа шықты. «Ақжазық» (1957), «Көктем салқыны» (1964) романдарының авторы.
Кәмен Оразалин бала кезінен бері Ұлы Абайдың әндері мен шығармаларына тәнті болып өсті. Қарауылда Абай атындағы мектепте қызмет істеп жүрген кезінде, елге келген Мұхтар Әуезовпен бірге ел аралап, ақын туралы мағлұматтар жинастырған. Мектептегі «Абай ұрпақтары» қолжазба альманағын басқарды.
К. Оразалин 1972 жылы жарық көрген «Абайдан соң» романын өзінің ең кесек, ең негізгі туындысы санаған.
Мұхтар Әуезов жайлы алғашқы романның авторы, Абай мектебінің шәкірті, белгілі абайтанушы, майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы Кәмен Оразалин 2008 жылы наурыз айында дүниеден өтті. «Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген мұғалімі», Октябрь революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері.
«Абайдың шаңырағы» мәтінін оқып, түсінігі айтылады.
Дәптермен жұмыс.
• Шымши – өрнектеп тоқылған ши.
• Ызу – тігістің түрі
• Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш
• Сүйек төсек – сүйекпен өрнектеп жасалған төсек
• Балалар, «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?
1. Киіз үй.
Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен көркемделген.
2. Күнжанның қонақтары.
Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық айтылған.
3. Абай шаңырағы.
Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.
4. «Тапқыр болсаң, тауып көр» бөлімі бойынша жұмбақтар шешіледі.
Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
/Кереге/
Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.
/Кереге; Шаңырақ/
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар - қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді.
/Уық/
Ұқсайтын шеңберге,
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
(киіз үй)
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға.
(киіз үй)
Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш - ұйқыш.
Көзі бар жабырқаған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір - ақ уыс.
(киіз үй)
5. Сабақты қорытындылау.
• Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?
• Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Ол қай бөлімде айтылған?
• Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?
• Мәтіннің әр бөліміне ат қой.
• Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып бер.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Сейфуллин. Сәкен аға

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
1. Білімділік: Ұлы адамның өмірінен мағлұмат беру, Сәкен Сейфуллиннің халқына қамқор болғаны жайлы берілген мәтінді түсініп оқи отырып, мазмұнын айтуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейі дамуына мүмкіндік беру.
3. Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру. Ізгілікті елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі:. Бейне таспа, суреттер,

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа даярлау.
2. Үй тапсырмасы:
Абай кім?
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою.
Абайдың үйін неге осындай етіп тікті деп ойлайсыңдар?
Оны әдемілеп тігуді мойнына алған кім?
Келген қонақтар кімдер?
Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
Олар неге сүйсінді?
Әуез қарт неге үнсіз тұрып қалды?
Ол кісі қандай сөздер айтты?
Мәтіннің мазмұның әңгімелету.
Сыныпты үш топқа бөлу:
Топ: әңгімелеу.
Топ: сипаттау. Киіз үйді
Топ Киіз үй жабдықтарын ата?
3. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта М. Сейфуллиннің Сәкен аға мәтінімен танысамыз.
4. Қызығушылықтарын ояту.
5. Сәкеннің өмірбаянымен таныстыру: Бейне таспадан Сәкеннің өмір баянын көрсету.
Оқушылар Сәкен Сейфуллин кім? Сәкен біздің жерлесіміз яғни Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданына қарасты Иманақ тауының етегінде дүниеге келген. Тар жол тайғақ кешу романы бар. Мәжит Сейфуллин Сәкеннің немере інісі.
Сәкен → жазушы, ақын, қоғам қайраткері
Қызыл шұнақ, Туған ел шығармалары бар.
6. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді ауызша түсіндіріп өту керек. Оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді.
7. Сөздік жұмыс:
Иманақ – Жаңарқа ауданындағы таудың аты.
Күзеу күзде көшіп қоныстанатын жер;
Жатақ ауыл қыстауды күзетіп қалатын ауыл;
ү. Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді жазамыз
9. Оқушылардың мәтінді бөлімдер бойынша оқуы.
Іштей оқу.
Тізбектей оқу.
Осы бөлімдерге бірден ат қойып отыру керек.
а) Сәкеннің күзеуге келуі.
ә) Іңкәрбектің реніші.
б) Сәкен мен Омар байдың арасында болған әңгіме.
в) Қолғанат Сәкен
10. Сергіту сәті: Сәкен Сейфуллиннің « Тау ішінде әні» тыңдау.
11. Оқулықпен жұмыс: Сұраққа жауап
- Мәтінде жыл мезгілі туралы жазылған жолдарды тауып оқындар?
- Мәтіндегі мәтелді тауып, оның Іңкәрбектің тұрмысына қатысты екендігіне мән беріп, түсіндіріңдер?
Әңгімеден Сәкеннің ұқыптылығы жөнінде айтылған тұсты тауып оқыңдар.
- Мәтіннен Сәкеннің анасының сөздерің тауып оқыңдар.
- Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?
- Сәкен, Іңкәрбек, Омар бай.
Балалар мәтіннен мақалды табыңдаршы?
12. Мақал: «Кісідегінің кілті - аспанда» Осы мақалдың мағнасын кім ашып береді?
13. Әңгімеге сүйеніп бала Сәкенге мінездеме беріңдер.
Сәкен

Бауырмал, ақылды, көмекші, қолғанат, ұқыпты, таза
14. Сурет бойынша жұмыс:
Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?
Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар?
Әңгімелерін оқыту.
15. Қорытындылау:
Сұрақ жауап:
Сәкеннің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Сәкен үй шаруасына қандай көмегін тигізді?
Өздеріңнің қандай көмектерің бар? Қолғабыс тигізесіңдер ме?
Бүгінгі өткен тақырыбымыз 3 Бәйтеректің бірі 19 ғасырда өмір сүрген қазақ халқы үшін жаны ашыған ұлы ақын Сәкен 1957 жылы ақталып шығады.
Н. Ә Назарбаев қазақ халқына жолдаған жолдауында Қазақстан - 2050 Дамыған 50 елдің қатарына кіру керек деп мақсат қойды. Сол мақсатқа сендер жетеді деп сенемін.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет