Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет43/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А.С. Пушкин. Қысқы кеш. М. Иманжанов. Қысқы кеш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Оқушылардың оқу техникасы ( дауыстап, іштей

түсініп, дұрыс, шапшаң және мәнерлеп оқу) жетілдіре түсу.



Дамытушылық: Түсінгенін байланыстырып дұрыс баяндай

білуге , ой қорыта білуге төселдіру.



Тәрбиелік: Табиғат көрінісін бақылай отырып, эстетикалық

танымын, әдемілікке деген құштарлығын ояту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, СТО стратегиялары, талдау,

Салыстыру, жинақтау, дәлелдеу.

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, үнтаспа, сөзтізбек, компьютер.


Психологиялық ахуал

1. Ұйымдастыру.

Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа

Бәрі бар ма орнында?

Қалам, дәптер, кітап та.

Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.




2. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын белгілі жоспармен әңгімелейміз.Жоспарды сөзжұмбақ шешіп өздерің құрып ала қойыңдар.


Сөзжұмбақ.

Артық сөзді алып таста.

1. ұшты 2 . тәтті 3. құс

қонды суық аула

сөйледі қалың қуыс

жұмыртқалады омбы балапан


Олай болса осы сөздер бір мағына береді, сонда жоспарымыз осы ретпен болады екен.


  1. Құс, шіл

  2. Қыс, қар

  3. Ін, ұялар (қар астындағы)

Осы жасалған жоспар ретімен үй тапсырмасын айтайық.

( Оқушылар жауабы: Әр оқушы жоспар бойынша шіл құсы туралы қысқы ормандағы қар туралы, қар астындағы ұялар туралы жүйелеп айтып шығады)

Нақтылау, қорыту сұрақтары.


  1. Әңгімелеп отырған кім? (аңшы)

  2. Аңшы деген кім? (аңдар, құс аулайтын адам)

  3. Бұл қай кезде болған? (қыс мезгілінде)

Балалар, осы мәтін соңында күрделі түсінік берілген еді, кеше жазып алғанбыз, еске түсірейік.

  • Құр , шіл сияқты құстар тығылып , қорғаласа кешікпей –ақ боран болады.

3 . Жаңа сабақ.

Олай болса осы боран туралы, боранның ерекшелігі туралы орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин «Қысқы кеш»атты өлеңін жазыпты. (А.С. Пушкин портретін көрсету)Сол кісінің аудармасын оқып танысамыз. Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазып алайық. Өлеңді мұқият тыңдап отырыңдар.

( үнтаспадағы жайлы әуен ырғағымен мәнерлеп оқу)

Балалар, осы шығармада бірнеше түсінуге қиын сөздер бар екен, соларға тоқталайық. ( тақтадағы сөздер)



  • сабан- кепкен шөп

  • лашық - кішкене аласа үйшік

  • кешеу - кеш қалған

  • сыңсуымен- жылаған дыбыс шығару

Сөздерге талдау жасау.
4.Оқулықпен жұмыс.

- балалар, енді өздерің оқып, өлеңде боранды неге теңеп тұрғанын тауып көріңдер. ( Бір шумақтан әр балаға оқыту)

/ Тақтаға боран сөзі ілінеді/


боран


Өлеңде тағы нелер жөнінде айтылған ?


  • Тозған үйдің төбесі

  • Лашық

  • Ұршық иірген кемпір

5.Сергіту сәті.

- Қане, боранның дыбысын салып көрейікші? / гуілдеген, ұлыған, ысқырған, жылаған бала дыбыстары/


О, керемет, керемет !

Бейне аппақ көбелек

Ақша қар жай көлбеңдеп

Қонып жатыр жерге кеп.

Енді осы боранның мінезін , ашуын Мұқан Иманжанов деген жазушы ағамыз мәтін түрінде жазыпты ( суреті көрсетіледі) Зейін қоя тыңдап , салыстырып, теңеу сөздерді дәптерлерімізге жазып отырамыз.

/ үнтаспа тыңдалады/



  • Дәптерлеріңнен жазғандарыңды оқи қояйық.



  • Жыландай сумаңдап - жыланның қимылы

«Сөзбен сурет саламыз» - мәтіннен тауып оқу.

/үйлер, электр шамы, қақпалар , терезеден адамдар көрінеді , іс тігіп отыр , темір соғып , машина жүргізді , қағаз жазды , электр станциясы , диірмен /
Сұрақтармен нақтылау жұмысы:


  • Қай шығарма бұрынырақ жазылған?

  • Қандай көңіл күймен жазылған?

Балалар, манадан бері сабағымызға қатысып отырған бейнелеу пәнінің мұғалімі Күнзира апайымыз сендермен бірге жұмыс жасап отырған сияқты. Сіздерге айтары бар екен .

/ бейнелеу пәнінің мұғалімі екі шығарма бойынша салған суреттерін іліп, әңгімелейді/
6.Қорыту , бекіту.

А. С .Пушкин М. Иманжанов.


Өлең қысқы мәтін

Бұрын кеш қазір

Мұңды боран сенімді

Аянышты сергек



Енді балалар, мына компьютерден біз өз ауылымыздың қысқы кешін тамашалай қояйық. (компьютерден бейнетаспа көрсетіледі)


  • Ауылдағы қысқы кеш

  • Ауыл адамдарының кешкі қарбаласы / қардың сықыры естіледі/

-Балалар , мына дыбыс не?

  • Қардың сықырлағаны , аязды күн

Олай болса қыстың негізгі белгісі қар бейнесін еңбек сабағында үйренген бүктеу әдісімен қиып көрсете қояйық. Бұл сендерге бүгінгі сабақтан естелік болсын. Қоңырауда терезеге қондырамыз.

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Жұмабаев. Аққала

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. М.Жұмабаевтың «Аққала» өлеңін оқыта отырып, қыс мезгіліндегі балалардың ойын түрлерін         таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.   
2. Оқушылардың тіл байлығын және шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойларын дамыту.
3. Табиғатты сүюге, достыққа, таулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Слайд, суреттер, ойын  элементтері, М.Жұмабаевтың суреті.
Сабақтың типі : Аралас сабақ
Әдіс тәсілдері : Интерактивті әдістер, көрнекілік әдісі.

Психологиялық ахуал

1.     Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп сабаққа әзірлеп алу.
Хормен : Ойға білім тоқимыз,
Айырықша мол үмітпен.
Ана тілін оқимыз,
Ерекше зор құрметпен.
    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
–         Үйге қандай тапсырма берілді ?
–         А.С. Пушкин «Қысқы кеш» және М.Иманжанов «Қысқы кеш» шығармаларын оқып дайындалу.
–         Кәне кім айтады ?

  • ІІІ.  Білімдерін тексеру

  1. 1.     Сызбамен жұмыс

А.С. Пушкин

«Қысқы кеш»

айырмашылығы


Ұқсастығы

М.Иманжанов «Қысқы кеш»

айырмашылығы






 

 

 

 

 

  1. 2.     Тірек сөздер беріп, «Қысқы кешке» әңгіме құрату.

Қара боран, қарлы құйын, ұлыған аң, жылаған бала, ауыл ақ қар жамылып, терезені тырс-тырс қағады.

ІV. Мақсат қою кезеңі

Ребус шешу

Сырғанақ

Жұмбақ шешіп, аққаланы құрастыру



Жұмбақтар :

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. ( қар)

  1. Суға батпайды

Отқа жанбайды.  (Мұз )

  1. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?  ( Қыс )

–         Бұл не ?

Бұл аққала.

–         Олай болса, балалар, біз бүгін М.Жұмабаевтың «Аққала» өлеңімен танысамыз.



V. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

А) «Пікір ағашын толтыру»



Мағжан

Ақын , педагог, 4 жасында білім алған, алғашқы ұстазы Ахметден, әкесі Бекні, анасы Гүлсім, атасы Жұмабай, Қызылжар мен Уфада білім алған.

Ә) Слайдпен жұмыс

Б) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

В) Сөдік жұмыс (Кесеге қатқан қардан кесек ойып алуға)

Г) Өлеңді оқыту

Ғ) Дәптермен жұмыс

Көркем сөздерді жазып алу. Омбы қар, томпаңдаған топ бала, аққала соқпақ, күміс қарға, аққала соға бастады, шаттықтың шегі жоқ, беттері бүлдірген, күлкілері меруерт

Д) Сергіту жаттығу

Шаңғы,шана сайла

Конькиіңді байла

Думандатып ойна

Қыс қызығын тойла

VІ.  Түсінгендерін тексеру

Тірек сөзді пайдаланып әңгіме құрату

Мәтін соңындағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу

Шығармашылық тапсырма

«Ұйқасын тауып жалғастыру»

Қар жауады……

Ойнауға жақсы-ақ.

Осындайда……….

Кім үйде жатпақ ?

VІІ. Сабақты қорыту

Топтық  жұмыс арқылы қорыту

І топ              «Қыс»

ІІ топ            «Қысқы ойындар»

ІІІ топ           «Қысқы еңбек»

ІУ топ           «Қысқы мейрамдар»



Тәуелсіздік мейрамына тақпақтар айту

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет