Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мақал-мәтел жаттап, жұмбақ шешейік
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға мақалды терең түсіне
білуге, жұмбақты
ойлана отырып шешуге,жаңылтпашты нақышына
келтіріп, жаңылмай отырып айтуға үйрету.
Жұмбақ шешіп,жаңылтпаш айтып жарысу арқылы
оқушылардың қызығушылықтарын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Халық ауыз әдебиетін тереңірек білуге, қадірлеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер, топ аттары,тірек сызба.
Сабақтың түрі:Жарыс сабақ
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,ойтолғау,жарыс сұрақ-жауап.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа
аударып, сыныпты 3 топқа бөлу
2.Әр топқа ат беру
3.Сұрақ қою
4.Дайындық кезеңі.
Мақсат қою.Мақсатымыз:Халық ауыз әдебиетін терең ұғыну,Мақалдың
тура мағынасын білуге,жұмбақты ойлана отырып
шешуге,жаңылтпашты шатаспай айтуға дағдыландыру.
Ойтолғау:Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Оларға не жатады?
(Мақалдар,ертегілер,жаңылтпаштар,жұмбақтар,аңыз
әңгімелершешендік сөздер, айтыстар)
Мақалдар-ауыз әдебиетінің бір түрі.Халықтың
өмірлік тәжірбиесінен алынған ой түйін .Мақалдар
көлемі аз болғанымен,мағынасы өте терең. Әртүрлі
тақырыптарда айтылады.
Жұмбақтар –ауыз әдебиетінің ең ескі түрі.Жұмбақтар
адамның ақыл ойын дамытады,байқағыштықпен
тапқырлыққа үйретеді.
Жаңылтпаштар-сөздері ұйқасып келеді де,тез
айтылады.
Жаңылтпашты жаңылмай айту-үлкен өнер. Әрбір сөз-
ді дұрыс айтып,тіліміз жаттығады.
Кез келген затты екінші затпен салыстыра отырып,суреттеу.
Енді халық ауыз әдебиетін тереңірек ұғуға өз үлесімізді қосып, 3топ
жарысайық
1. «Алғырлар» 2. «Тапқырлар» 3. «Білгірлер»
Әр топ: (5 мақал, 3 жұмбақ, 2 жаңылтпаш, мақалдың жалғасын табу)
(Мақалдан көрініс).
1-тур
1. Жақсы-ай мен күндей,
Әлемге бірдей
2.Жақсы туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
3.Жақсы болсаң жақын көп.
4Жақсы дос үшін жан пида.
5.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
2-тур
1.Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
2.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ келеді.
Аузы жоқ ұлиды. (жел)
3.Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ. (бұршақ)
3-тур.(Мақалды жалғастыр)
1.Қыстың қамын, ............(жаз ойла)
2.Қыс қысыларсың,..........(жаз жазыларсың)
4-тур. (жаңылтпаштар)
1.Арқада 6 арқар,
Қырда 40 арқар.
Арқадағы 6арқарға,
Қырдағы 40 арқарды қосқанда, қанша арқар?
5-тур. (мақалдан көрініс).
А)Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.(Ұлы тұлғалардың суреті көрсетіледі).
(Көрсетілген ұлы тұлғалардың өлеңінен оқыту)
Сабақта не түйгенін байқау кезеңі.
-Халық ауыз әдебиетіне қандай шығарма түрлері жатады?
-Жұмбақ, мақал, жаңылтпаш дегеніміз не?
|
Сергіту сәті
|
Ой толғаныс
|
Үйге тапсырма
|
Қайталау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Өз бiлiмiңдi тексер. Шығарма жаз немесе бөлiмге байланысты
сурет сал
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Шығарма жазуға баулу. Ой белсенділігін дамыту,сауаттылыққа,білімділікке тәрбиелеу.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жер көгерді дегдіді,
Жасыл барқыт жамылып.
Бәйшешегі түрленді,
Иіс майын жағынып.
Қарды ерітіп өкпек жел
Қақты көктеп қоңырауын.
Мұз аралас ақты –сел,
Жауып жердің омырауын.
«Төрт мезгіл» ертегі оқып беру.
Ойын «Кім тапқыр?»
Суреттен мезгілдерді тапқызу.
|
Сергіту сәті
|
Мақал-мәтелдер жаттап үйренейік.
1.Қыс азығын жаз жина.
2.Көктемде түскен бір дән.
Күзде мың дән болады.
3.Қыс қарлата келеді,
Көктем жауындата келеді.
Суретке қарап тыңдайды.
Өлеңді қайталап айтады.
Ертегі тыңдайды.
Ойын ойнайды.
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
«Көктем» тақырыбында шығарма жазу
Әңгімелесу
Шығармашылыққа тапсырмалар
1-топ
«Көктем гүлдері» суреттер салу
2-топ
«Көктем сәні неде?» сурет салу
|
Үйге тапсырма
|
Қайталау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |