Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет72/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Төле бидiң төрелiгi

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Міндеттері: - оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»




Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі

Топ ұстанымы Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

Топ ұстанымын еске түсіру. Сәлемдеседі, бүгінгі сабақтағы көңіл  күйлерін білдіреді. Топ ережесі

6 мин Үй тапсырмасын қайталау.

Топты ауыстыру Сұрақтар қояды

Түстер бойынша топқа бөлу Жауап береді

Оқушылар орындарын ауыстырады

2 мин Тұсаукесер

Қызығушылық ояту

Видео ролик

Оқушылар көңіл бөледі.

Видео ролик

3 мин Ой қозғау - Видео ролик кімдер туралы?

-Олар жөнінде не білесіңдер?

-Қандай шешендік сөздер білесіңдер? Сұрақтарға жауап береді.

2 мин Тақырыпты ашу Тақырыпты айту, мақсатпен таныстыру Мақсатқа идея қосады.

7 мин Негізгі бөлім

Мәтін мазмұнымен танысу Тізбектей оқу Мәнерлеп оқу Оқулық

4 мин Ой жинақтау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап беру

10 мин Топпен жұмыс Топтарға тапсырмалар беріледі.

Оқушылар топпен бірлесе отырып, тапсырманы орындайды. Флипчартқа жазылған тапсырмалар

4 мин Қорытынды

Ой түйін


Рефлекция

Қандай ой түйдіңіздер?

«БҮҮ» кестесін тарату

Өз ойларын білдіреді

Кестені толтыру

Парақшалар

2 мин Үйге тапсырма Мәтінді мазмұндау шешендік сөз жаттау. Күнделіктеріне жазып алу Күнделік

2 мин Бағалау Критерий арқылы бағалату Бағалау парғы арқылы  өзін-өзі бағалайды.



Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазыбек бидiң толғауы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу
3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Билер сөзі» шешендік толғау, арнау

Психологиялық ахуал

Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Өмірбаяны

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

      - Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,

—      Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

—      Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

—      Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.

—      Бес дегеніміз –белсеніп шыққан жау жаман.

—      Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.

—      Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

—      Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.

—       Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.

—       Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, — дейді Қаз дауысты Қазыбек.



Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет