Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет46/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ш. Құдайбердiұлы. Бiр кесе меруерт

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Болжау, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: еңбек туралы мақал-мәтелдер, болжау кестесі.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы, сахналау.

Психологиялық ахуал

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Таза бұлақ» мәтінді сахналау.
ә) Мәтінге сүйеніп, оқушыларға мінездеме беру.
Венн диаграммасымен жұмыс.
1-оқушы:
2-оқушы:
б) Мәтінді өздеріне аяқтатып әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой ашар.


1. Кіріспе әңгіме.
2. Шәкәрім туралы не білетінімізді ортаға салып, ойымызды топтастырайық.
(оқушылардың ассоциациясы жинақталады).
Ақын ----------- Қажы
-------Шәкәрім

«Бостандық таңы атты», «Адамдық борышың»


Абайдың тәрбиесінде болды, немере інісі

ІҮ. Ой қозғау. «Терминдер арқылы болжау» стратегиясы бойынша.


- Тақтаға (дала, керуен, бір кесе бидай, қария) суреттерін ілу.
- Ненің суреттерін көріп отырсыздар?
Әңгіме не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

а) Болжау кестесін ілу.


Не болды деп ойлайсың?
Оған қандай дәлел бар?
Не болды?

Осы кестеге сүйене отырып, әңгімені бірнеше бөлікке бөліп оқу.


Тақырыпты талдау. Тақырып бойынша қорытынды ой жазу.
ә) Сөздік жұмыс.
Зор – үлкен, аумақты, ұзақ.
Ділдә – алтын ақша.
Тақыр – тегіс, қатты жер.

Ү. Ой толғаныс.


1. Сұрақтарға жауап алу.
1. Қария қандай сұраққа жауап берді?
2. Ол неге сонша қуандым дейді?
3. Өмірінде не нәрсеге қатты кейідім дейді?
4. Қарияға күш, қуат берген не болды?

2. Мақалдардың жалғасын тап:


* Ақысыз аш адамға (алтынның пайдасы жоқ)
* Ас атасы... (нан)
* Арпа бидай... (ас екен)
* Алтын, күміс ...(тас екен)
* Ер еңбекте ...(тәтті)
* Еңбектің наны ...(тәтті)
* Жалқаудың жаны ...(тәтті)

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

В. Сухомлинский. Нағыз адам

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік:оқуға қызығушылығын ояту,түсініп оқу,жүйелі баяндауға,өз ойын,пікірін ашық  жеткізе білуге үйрету, «Нағыз адам» мәтінінің мазмұнын ашу.

Дамытушылық:оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды бірлесіп жұмыс істей білуге,өзара сыйласуға,өз бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс:ой қозғау,жетекші сұрақтар, «Дөңгелек үстел»әдісі, хат жазу.



Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

І Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар қазір біз топқа бөлінеміз. Олүшін нөмір таңдап алуларың керек.Алған нөмір бойынша  топқа бөлінеміз.

1 топ. 2 топ. 3 топ.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Психологиялық дайындық.

Балалар –гүлім менің

Балалар- күйім менің

Балалаар нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін.!Өздеріңе мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

«Дөңгелек үстел»әдісі бойынша.

«Нағыз адам»деп қандай адамды айтамыз?

Әр топқа қағаз беріледі,сол қағазға өз ойларын 1 сөйлем немесе сөз тіркесін жазады.Осылайша дөңгелек жасап, келесі оқушыға береді.

Топ арасынан 1 оқушы шығып оқиды.

(Оқушылардың ойларын жинақталып, талданады)



IV. Мағынаны тану.

Бүгін біз В.Сухомлинскийдің «Нағыз  адам» шығармасымен танысамыз.

а) В.Сухомлинский туралы мәлімет.

 

Василий  Сухомлинский  1918 жылы,28 қыркүйекте Херсон губернасы,Александр уезінде  дүниеге келген.Қарапайым  отбасында   тәрбиеленген.Ол Палтава педагогикалық институтын 1936 жылы бітіріп, орта мектептерде мұғалім болған.В.Сухомлинский –педагог.Оның «Ұлыма хат», «Ата-аналар педагогикасы» т.б. шығармалары бар.



 

ә) Топ бойынша  мәтіннің 3 бөлігі , 3 топқа беріледі. Әр топта  оқушылар жекелей  іштей  оқып  шығып, топ ішінде  мәтіннің мазмұнын  ашу. Топ арсында 1 оқушы  шығып  мазмұнын  айтады.

б) Сөздік жұмысы.

Қуаң дала-шөл,шөлейтті,ылғал тапшы дала.

в)Сергіту сәті

 

г) 1 топ- «Сыйлассаң, сыйымды боларсың» мақал-мәтеліндегі негізгі ойды анықта.



2 топ- «Атаның баласы болма,адамның баласы бол» Абай атамыздың  нақыл сөзінің мағынасын аш.

3 топ – Құдыққа келген үшінші адамды  екінші адаммен салыстыр.Венн диаграммасын құру.



V.Ой қозғау.

Әр топ берілген  мәтіндегі 1,2,3 адамдарға хат жазады.

1 топ-1 құдық басына келген адамға.

2 топ-2 адамға.



3 топ- 3 адамға.


Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет