Сабақтың атауы: Ер Тарғын (жырдан үзінді) Мақсаты: Күтілетін нәтиже: Сабақтың жабдығы



бет11/25
Дата09.10.2019
өлшемі0,74 Mb.
#49500
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
ҚМЖ ана тілі




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жұмбақ айтыс

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік:  Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Тәрбиелілік:  Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық дамуына әрекет ету, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушының ой- түйінін білім мазмұнына әкелу.


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ Айтыс– айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.

Мағынаны тану

Сапарғали мен Нұржан

Сапарғали:
Мен көрдім неше жүйрік даналарды,
Байқауға ойладың ба шамаларды.
Жұмбағыма қайтарса дұрыс жауап,
Біз де сынап қарайық балаларды.
Нұржаным, білдірейін сізге тағы,
Құс көрдім өзі жансыз, бір аяғы.
Теңізде салған жолы сайрап жатыр.
Байыппен ойлап тапшы мұны дағы.
Нұржан:_Сапеке,_айтқаныңды_қазір_табам,_Жансыз_құс_бір_аяқты,_мұның_–_қалам._Теңіз,_мысал,_қағаз_ғой,_жолың_–_жазу,_Жұмбағың_осыменен_болсын_тамам._Сапарғали'>Нұржан:
Сапеке, айтқаныңды қазір табам,
Жансыз құс бір аяқты, мұның – қалам.
Теңіз, мысал, қағаз ғой, жолың – жазу,
Жұмбағың осыменен болсын тамам.
Сапарғали:
Мен көрдім бір теңізде темір қайық,
Әр пенде пайдаланар көріп лайық.
Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді ризықтанып барша халық.
Нұржан:
Дастарқан – теңіз, мысал, қайық – поднос,
Бұл күнде әмбе халық қойған ықылас.
Шыныаяқ – түндігі жоқ үй дегенің,
Әр пенде ризықтанып ішпей ме ас.
Сапарғали:
Бір нәрсеге өзі жансыз, аяғы жоқ.
Су менен шөптен басқа тамағы жоқ.
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.
Нұржан:
Шәйнектің ұқсатамын сияғына,
Су мен шай мысал қылды тамағына.
Ішіп шайды, қақпағын алғаннан соң,
Шамбасы ұқсамай ма жабағыға.

Ой толғаныс

1-топ

Жұмбақ айтыс құрастыру

2-топ

Қыз бен жігіт айтысы



3-топ

Айтыс туралы мәліметтер жинақтау



Үйге тапсырма

Жұмақ айтысты жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы Алтынсарин Қарабатыр

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік:Ыбырай шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына, өлеңдеріне ашу.

Дамытушылық:Оқушылардың шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін ояту.

Сабақтың түрі :Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдіс –тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Ақын ағартушы педагог

Жазушы оқулық авторы


Ғұлыма шағын әңгіме шебері


1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.


2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
Жылдар Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1879-1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.

2. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

3. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

4. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Оқулықтағы «Қарабатыр» ертегісі бойынша талдау жұмысын жүргізу

Сұрақтарға жауап беру




Ой толғаныс

Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен
2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» Ы.Алтынсарин.

3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»

Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»



Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)

Үйге тапсырма

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет