Сабақтың атауы К. Қазыбаев. Ту тiккен Рақымжан Мақсаты Күтілетін нәтиже



Дата08.09.2017
өлшемі43,08 Kb.
#30182
түріСабақ

Пәннің аты

Уақыты:10.12.16

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

К. Қазыбаев. Ту тiккен Рақымжан

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында мағлұмат беру. Ұлы отан соғысы жылдарындағы батырларымыздың ерлігімен танысу.
Мақсаты: 1. Батырлардың ерлігімен танысу.
2. батыр аталарының ерлігіне, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс – тісілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Қажымұқан жайлы не білесің?
2. Халық қайда жиналды? ипподромға
3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем
4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.
5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.
6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?
7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.
8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.
9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан
10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?
11. Олар бірі – біріне қалай қарады?
12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?
13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы басым.
14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін сездіргісі келді.
15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.
16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.
17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?
18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге түсті.
19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?
20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? көтеріп алып ұрды.
21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп,
22. Мұқан еліне қалай оралды?
23. Күрес қай жерде болды? 
Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
3 Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта Кәкімжан Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында. Кәкімжан Қазыбаев қазақ жазушысы. Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан. Р. Қошқарбаевқа кезінде Кеңес Одағының батыры атағы берілмеген болатын, қазақ жазушыларының ат салысуымен 1999 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.
Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.
Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.
Тірек сөздер: Берлинде, Рақымжанды, Рейхстаг, тапсырмаңызды, барлаушылар, Гриша, жауынгерлер
Тірек сөздерді есте сақтау 30 секунд.
Дәптерге жазу. Дәптер алмасу, тексеру. ООМ бойынша бағалау.
Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек.
4 Ұғынуды ұйымдастыру.
Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.
3 - 4 сыныптар: мәтіннің бір бетіне 4 минут;.
5 Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама - қарсы сұрақ қою.
1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде
2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов
3. Батальон командирі не айтты? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.
4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.
5. Рақымжанға қандай жауынгерлік тапсырма берілді?
6. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен
7. Рақымжан қалай қоштасты? Өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебіренді.
8. Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.
9. Рақымжан бастаған топ қалай шықты? Оқ нөсері бәсеңдеген кезде.
10. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның
11. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.
12. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.
13. Басқалары қайда қалды? Подвал ішінен шыға алмай қалды.
14. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.
15. Темір көпірге оқ қалай тиеді? Оқ шыр – пыр етіп кейін ұшады. Тыз – тыз етіп суға түседі.
16. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.
17. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.
18. Рейхстагты неге теңейді? Құзғын жаудың ұясы.
19. Рейхстаг баспалдағында Рақымжан Гришаға не айтты? Шық иығыма! Туды тік.
20. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.
21. Жау ұясының алдынан не көрінді? Жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту.
22. Рақымжан тапсырманы орындады ма?
23. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде.
24. Туды тіккен кімдер?
Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
6 Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Сыни сұрақ.
1. Соғыс Берлинде жүріп жатты. ия
2. Рақымжанды батальон командирі шақырып алды ия
3. Батальон командирі ақ үйді көрсетті. Жоқ.
4. Рейхстаг жаудың ең соңғы ұясы. Ия.
5. Рақымжанға жауынгерлік тапсырма берілді ия.
6. Командир Рақымжанды таңдаған жоқ. Жоқ.
7. Рақымжан өз әкесімен қоштасқандай тебіренді ия.
8. Рақымжан тапсырманы орындауға жалғыз бармақ жоқ
9. Рақымжан бастаған топ оқ нөсері бәсеңдеген соң шықпады. Жоқ.
10. Ту Гришаның қолында еді. Жоқ.
11. Туды көрген жау қашты. жоқ
12. Рақымжанның қасында Гриша қалды ия.
13. Басқалары подвал терезесінен шыға алмады. ия
14. Рақымжан мен Гришаның алдарынан көпір көрінді. Ия.
15. Олар суға түспей өтті. Жоқ.
16. Рақымжан тудың бұрышына өз туған жылдарын жазды. Жоқ.
17. Қала тынышталып, жарқырай түсті. Жоқ.
18. Рейхстаг терезелері ашық тұр. жоқ
19. Гриша Рақымжанның иығына шығып, туды қадаған жоқ. Жоқ.
20. Жер қайысқан әскер «ағалап» жүгірді. Жоқ. Уралап.
21. Жау ұясының алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді. Ия.
22. Рақымжан тапсырманы орындады. Ия.
23. Бұл оқиға 1945 жылы болды ия. Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау







Каталог: uploads -> doc -> 06d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d6 -> Сабақтың мақсаты: Қан айналым мүшелерін түсіндіру Сабақтың міндеттері
06d6 -> Сабақ өтілетін уақыт: 27. 01. 2015ж Барлық оқушы саны: Қатысқаны: Сілтеме
06d6 -> Сабақтың тақырыбы: Анимация, мультимедиа. Мақсаты
06d6 -> Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет