Сабақтың атауы К. Қазыбаев. Ту тiккен Рақымжан Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі181,77 Kb.
#30181
түріСабақ
1   2

ІІ – бөлім. Топтық жұмыс.

І – топ.


Соғыстың соңғы сағаттары. Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас, қан төгіс ұрыс жүріп жатыр.

Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алды. Бөлменің терезесінен оқ борап тұр. Жұрттың бәрі қабырғаларға жабысып, қарсы жақтағы мұнартқан үйден көз алмайды.



  • Анау үйді көресің бе, жолдас лейтенант? – деді батальон командирі Давыдов.

  • Иә, көріп тұрмын.

  • Рейхстаг дегеніміз сол. Сұм Гитлер осы со,ысты сол үйде отырып бастаған. Ол – жаудың ең соңғы ұясы. Сізге жауынгерлік тапсырма: сол үйге апарып ту тігесіз.

Батальон командирі Рақымжан Қошқарбаевты бекер таңдап алған жоқ еді. Ол Одер өзенінен өткенде де, басқа майданда да ержүректілігімен сан рет көзге түскен – ді.

  • Құп болады, жолдас комбат! Тапсырмаңызды орындауға әзірмін! – деді Рақымжан.

Осы кезде қызыл ту да дайын болды. Туды тапсырып жатып, политрук Васильченко Рақымжанды құшақтап, бетінен сүйді.

  • Аман бол, бауырым!

Осы сөзді айтқанда, Васильченконың көзіне жас іркілді. Ал лейтенант өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебірініп кетті.
ІІ – топ

Рақымжан жалғыз емес. Подвалда тұрған барлаушылар тобы түгелдей онымен бірге бармақ...

Оқ нөсері сәл бәсеңдеген кезде, Рақымжан бастаған топ сыртқа қарай ыта жөнелді. Ұмар – жұмар күйінде бір шұқырға барып топ ете түсті. Ту Рақымжанның қолтығында. Мұны көріп қалған жау подвалға өшіге шүйлігіп оқ жаудырды. Рақымжан айналасына қараса, жалғыз Гриша Булатов...Ол да басын бұғып алған. Тілдесуге оның да мұршасы келмей жатыр.


  • Басқалар қайда? – деп сұрады Рақымжан.

  • Шыға алмай қалды, жолдас лейтенант.

Жау подвал терезесінен енді ешкімді шығаратын түрі жоқ.

Бұғып жата берсе, өздері де мерт болуы мүмкін. Соны түсінген Рақымжан:



  • Кеттік, Гриша! – деді досына.

Олар жер бауырлап алға қарай жылжи жөнелді. Бірақ жүрістері өнбеді...

Алда канал үстінен салынған көпір көрінді. Ол да бұзылған. Бірақ бар қалған медеу – сол. Рақымжан тәуекелге бел байлап, Гришаға белгі берді. Содан соң құйындай ұшып жүгіре жөнелді. Олар суға келіп шолп ете түскендерін бір – ақ білді. Әйтеуір екеуі де аман екен. Темір көпірге тиген оқ шыр - пыр етіп кейін ұшады. Кейде тыз – тыз етіп суға да түседі.

Рақымжан мен Гриша қалқалау жерді паналап, кешке дейін отырды. Мойындарын созса, Рейхстаг көрініп тұр.
ІІІ – топ.

Кешке жақын Рақымжанға бір ой түсті. Өз ойын іс жүзіне асыру үшін ол қолтығындағы туды алды. Содан соң оның бұрышына сия қарындашпен: «Алты жүз қырық жетінші полк, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов» деп жазды.

Бұл кезде онсыз да түтіннен көрінбей тұрған қала мұнарта түскен еді. Арт жақтан біздің зеңбіректер оқ атты. Снарядтар толас таппай, үстерінен зу – зу өтеді. Бұл қамалып отырған екеуіне жігер берді де, олардың яғы - аяғына тимей ұша жөнелді. Айнала күңіреніп ұлып кеткендей. Әп - сәтте баспалдаққа да жетті. Міне, үйдің қабырғасы. Кішпіштен бітелген терезелер. Құзғын жаудың ұясы. Өзінің де сұры кетіп қалыпты.


  • Гриша, шық иығыма! Тік, туды!

Қаңбақтай жеңіл жас жігіт лезде – ақ Рақымжанның иығына шықты. Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.

Тағы да артиллерия атысы басталды. Айнала жап – жарық. Осы кезде жау ұясының қақ алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді. Манағы өздері өткен алаң. Жер қайысқан әскер «уралап» жүгіріп келеді. Осы кезде жер қозғалып, жаудың соңғы ұясы қалтырап кеткендей болды.

Рақымжан Григорийге, Гриша Рақымжанға қарады. Екеуі үнсіз құшақтасып, беттерінен сүйді.

Тапсырма орындалды, жеңіс туы тігілді. Мезгіл – 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945 жыл.


ІV – топ.

Сұрақтарға жауап іздеу.


1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде
2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов
3. Батальон командирі оған қандай тапсырма берді? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.
4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.
5. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен
6 .Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.
7. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның

8. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.


9. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.
10. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.
11. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.
12. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.
13. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.
14. Рақымжан тапсырманы орындады ма?
15. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде кешкі 6 сағат 30 минут
16. Сонымен Туды тіккен кімдер?

Видеоролик көрсету. Ой түю.

ІІІ – бөлім. Топтық тапсырмалар:

1 – топ. Сыни сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1. Соғыс Берлинде жүріп жатты.







2. Рақымжанды батальон командирі шақырып алды.







3. Батальон командирі ақ үйді көрсетті







4. Рейхстаг жаудың ең соңғы ұясы.







5. Рақымжанға жауынгерлік тапсырма берілді







6. Командир Рақымжанды таңдаған жоқ.







7. Рақымжан өз әкесімен қоштасқандай тебіренді







8. Рақымжан тапсырманы орындауға жалғыз бармақ







9. Рақымжан бастаған топ оқ нөсері бәсеңдеген соң шықпады.







10. Ту Гришаның қолында еді.







11. Туды көрген жау қашты.







12. Рақымжанның қасында Гриша қалды







13. Басқалары подвал терезесінен шыға алмады







14. Рақымжан мен Гришаның алдарынан көпір көрінді.







15. Олар суға түспей өтті







16. Рақымжан тудың бұрышына өз туған жылдарын жазды







17. Қала тынышталып, жарқырай түсті







18. Рейхстаг терезелері ашық тұр.







19. Гриша Рақымжанның иығына шығып, туды қадаған жоқ.







20. Жер қайысқан әскер «ағалап» жүгірді.







21. Жау ұясының алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді.







22. Рақымжан тапсырманы орындады







23. Бұл оқиға 1945 жылы болды







2 – топ. Жауап жаз.

Рақымжан кім? Қандай?




Мәтіндегі Давыдов кім?




Туды Рақымжанмен бірге тіккен кім?




Соғыс қай жылдары болды?




Соғыстың болғаны жақсы ма? Неліктен түсіндір.




Тағы қандай ержүрек соғыс батырларын білесің?




Соғыс болмас үшін елдер не істеуі қажет?




Ұлы Жеңіс күні қашан?




Ал алда қандай мейрам келе жатыр?




3 – топ. «Батыр атама Алғыс!» тақырыбыма эссе жазу

4 – топ. Тақырыпқа сай сурет салу



Мағынаны тану


Ой толғаныс


Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Формативтті бағалау

Оқушылар сабақты қол смайлигі арқылы бағалайды

Кері байланыс



Смайликке жабыстыру

Каталог: uploads -> doc -> 0c3a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c3a -> Сабақтың тақырыбы: Жазғытұрым. Заттың атын білдіретін сөздер
0c3a -> Сабақ тақырыбы: Ж. Аймауытов. «Әнші» әңгімесі Жалпы мақсат: Ж. Аймауыт ұ лыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет