1.Білімділік: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
2.Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйіндерін сұрақ-жауап арқылы өз ойын жүйелі айта білуін, талдай отырып қорытындысын айту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, адалдыққа, мейіріміділікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту
Мәтінді оқушылар түсініп оқиды
Сұрақтарға жауап табады
Жылдам оқу дағдыларын жаттықтырады
1.Ұйымдастыру
"Бір - бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз"
"Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену
5-ке қолды жеткізу."
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.