Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Ертегілер:
Қиял - ғажайып ертегісі
Шыншыл ертегілер
Жан - жануарлар ертегісі
Әдеби ертегілер
- Әдеби ертегі дегеніміз қандай ертегі? - Қайың,қараағаш, тобылғы жайлы не білесіздер?
-Орман дегеніміз не?
Мағынаны тану
«Ормандағы оқиға» тақырыбына назар аударайық.
-Халық ауыз әдебиетінің қай жанр түріне жатады?
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегі арқылы халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүниетанушылық көзқарастарын білеміз.
ә) Ертегі авторы Қайнекей Жармағанбетов (1918-1974) қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында өмірге келген. Оның «Заман біздікі», «Адам туралы аңыз» т.б. өлең жинақтары, «Әнші азамат» повесі бар.
б) Ертегі мазмұнынан түсінік беру.
4. «Ой қозғау» стратегиясы.
1) Ағаштардың бір-біріне ренжісуіне не себеп болды?
2)Тобылғы қайыңға қандай әңгіме айтты?
3) Ол қарағашқа қандай әңгіме айтты?
5. Дәптерге ағаш аттарын жазу. Сөздік жұмысы.
Қосақ- сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.
6. Мәтінмен жұмыс.
а) Ертегіні рөлге бөліп оқу.
ә) Ертегідегі негізгі ойды табу. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер.
б) Тобылғының іс-әрекетіне баға беру.
в) Ертегіні сахналау.
Шығармашылық тапсырма. Ертегі ойлап жазу.
- Орман иелері жануарлар түрін таңдап алайық.
- Ол не? (кім?)
- Ол қандай?
- Нені? (Кімді? ) кездестірді?
- Не айтты?
- Қандай жауап болды?
- Әрі қарай не болды?
- Оқиға немен аяқталды?