V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары: (сыныпты 2 немесе 3 топқа бөледі)
2. Суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар.
VІ.Жаңа түсінікті тексеру:
VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар,тесттік бақылаулар):
Атауы
|
Белгіленуі
|
Өлшем бірлігі
|
Формуласы
|
Шартты белгісі
|
Өлшейтін құрал
|
Құралды...
жалғайды
|
Ток күші
|
|
|
|
|
|
|
Электр кернеуі
|
|
|
|
|
|
|
VIIІ.Жаңа сабақты қорытындылау:
Біздің үйімізді жарықтандыруға қолданылатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7-ден 400 мА-ге дейін болады. 1 А ток күші адам өміріне қауіпті.
Тізбектегі кернеу 220 В екенін сендер білесіңдер. Сондықтан тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну (тоңазытқыш, теледидар, электржылытқыш аспаптар, музыкалықцентр және т.б.) құралдары 220 В-қа есептелінген және бір құралды іске қосқанда, қалғандары тізбекте бұрынғысынша жұмыс жасай береді.
IХ.Оқушылар еңбегін бағалау:бағалау парағын толтыру.
Х.Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма):
1. §36. Ток күші. Амперметр
§37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
2. 78-суреттегі шартты белгілерді жаттап алу
3. А.Ампер, В.Вольта өмірбаянына реферат жазу.
Электр өрісі тарауы.
Кулон заңы. Кернеулік. Потенциал. Конденсаторлар.
8-сынып
ІV тарау. § 31, § 32, § 33, § 34.
Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі.
§ 31. Кулон заңы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, денелердің электрленуі, атом құрылысы және Кулон заңы турасында түсінік беру.
Ой-өрісін, белсенділік пен қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, тірек-сызбалар, эбонит, шыны таяқшалар, электроскоп, жібек, тері материалдар, слайдтар, султандар, электростатикалық машина, интерактивті тақта, электрондық оқулық
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Орасан зор қуатты мотордан бастап, түймедей микроқозғалқышқа дейінгі электр қозғалтқыштары Жерде өндірілген барлық электр энергиясының көп бөлігін тұтынады. Қазіргі таңда электр энергиясын өндіру, тарату және пайдалану өндірістің барлық материалдық игілігінің негізі болуда. «Электр», «Электр тогы», «Магниттер», «Электромагниттік құбылыс» деген сөздер Қазіргі заманда әр адамға таныс.
Егер пласмасса тарақтарды немесе қаламдарды киімге үйкелесе, онда ұсақ қағаздарды өзіне тартатынын көруге болады. Құрғақ шүберекпен сүртілген айна, шыны, пластинка тоөаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.
Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 600 жылдары ертедегі гректер сары янтардың ерекше қасиеті бар екендігін байқаған. Гректер оны «электрон», ал оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деп атаған. Денелердің электрлену құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы, соқтығысуы, жарылуы кезінде көрініс табады.
Денелердің өзара электрлік әрекеттесуінен электр заряды деген физикалық шама туындайды. Зарядтардың екі түрі болады: + оң – шыны, - теріс – эбонит. Электр зарядтарының өзара әрекеттесуін қарастырайық. М. 62- сурет (а,ә,б).
Аттас және әр аттас зарядтардың өзара әрекетесуі туралы айта келіп, неге оң заряд, неге теріс заряд болатындығын түсіндіру.
Е. Денелердің электрленуін байқауға арналған құрал электроскоп деп аталады. Электроскоп құрылғысын пайдаланып құрылысымен, жұмыс істеу принципімен таныстыра отырып, түрлі тәжірибелер көрсету.
электр өткізгіштер
Заттар болып бөлінеді.
электр өткізбейтіндер
Электр өткізгіштер – металдар, адамдар мен жануарлар, ылғалды жер
Электр өткізбейтіндер – пласмасса, шыны фарфор, ауа, ағаш, резина.
Кез келген зат молекуладан тұрады, ал молекулалар атомдардан құралады. Орыс ғалымы А.Ф.Иоффе мен американ ғалымы Р.Милликен бір-біріне тәуелсіз жүргізген тәжірибелері арқылы электр зарядының ең соңғы бөліну шегін тауып, оған электрон днп атақ берді. е = 1,6*10-19 Кл / заряды теріс/, m = 9.1*10-31кг екендігі есептеліп шығарылды.
Атомда қанша протон болса, сонша электрон болады. Егер өзара әректтесу барыснда электронын беріп жіберсе, ол оң зарядталады, ал керісінше басы артық электронды өзіне қосып алса, онда ол теріс зарядталады. /Эбонит және шыны таяқшалар/.
Аттас және әр аттас зарядтар арасында тартылыс және тебіліс әсері болады. Осы әсерді зарядтар арасындағы әрекеттесуші күштер екендігін 1785 жылы француз ғалымы Шарль Кулон тәжірибе жүзінде дәлелдеп ашты. Кулон заңын ашып түсіндіру. 67 – сурет.
F ~ q *q
F ~ (q *q ) / r 2
F ~ 1 / r 2
Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
F = k*(q *q ) / r 2
к = 9*109 Н*м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент
ε = 8.85*10-12Кл2/Н*м2 - электр тұрақтысы
F = 1 / 4π ε * (q * q ) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε * (q * q ) / ε*r 2
ε- диэлектрлік өтімділік.
Оқушыларды үш топқа бөліп: топтық жұмыс ұйымдастырып жіберемін.
Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын толтырып, тапсырады.
Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі.
§ 32. Электр өрісі. Кернеулік.
§ 33. Потенциал.
§ 34. Конденсаторлар.
Сабақтың мақсаты:
а).Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, зарядталған денелер арасында болатын әрекет етуші күштерді графикте кернеулік арқылы кескіндеу, потенциал, электр зарядын жинақтаушы құрал конденсатортуралы түсінік беру.
ә). Ой-өрісін, белсенділік пен қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын дамыту.
б).Эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау / лекция /
Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, тірек-сызбалар, эбонит, шыны таяқшалар, электроскоп, жібек, тері материалдар, слайдтар, султандар, электростатикалық машина.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақ тәжірибе көрсету арқылы басталды. Мұнда электроскоп, эбонит,шыны таяқшалар, жібек, тері материалдар, жеңіл гильзаларды пайдаланылды. М. Тарақпен таралған ұзын шаш, киімге үйкеленген қалам, таза сүртілген айна мен шыны. Электроскоппен жасалған тәжірибені ауасы сорылып алынған кеңістікте қайталаса ешқандай өзгеріс болмайтынын көруге болады. М. 68 сурет ( а,ә,б ). Бұл тәжірибелерді қарастыру арқылы зарядталған денелер арасында электр өрісі деп аталатын кеңістіктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оны ағылшын ғалымдары М.Фарадей және Дж. Максвелл енгізді.
Электр зарядтарының айналасында болатын электр өрісінің әсері күшпен сипатталады. Себебі E ~ F болады.
E = F/q [ E = 1 Н / Кл ] E = k* q / r2
Электр өрісін графикте кескіндеу үшін ағылшын ғалымы Фарадей Е өріс кернеулігінің күш сызықтарын салуды енгізді.
Электр өрісінің күш сызықтары деп өрістегі оң зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтарды айтады.
М. 69 сурет ( а,ә,б )
Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді. Осы күш әсерінен дене орын ауыстырып, жұмыс істейді.
A = E - E A / q = E / q – E / q
мұндағы E / q = φ - өріс потенциалы деп аталады.
U = φ - φ = E / q – E / q = A / q
A = q * ( φ - φ ) = q * U
Оң зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда, өріс атқаратын жұмыстың осы зарядқа қатынасын потенциалдар айырымы немесе кернеу деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |