Сабақтың тақырыбы: Жылулық құбылыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Жылулық құбылыстар» тақырыбындағы алған білімдерін табиғаттағы жылулық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын,қорытындылау, жүйелеу сабағы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.
б) Әділқазылар алқасын сайлау.
гейм. «Бой сергіту».
1 Жылу берілудің түрлері (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
2. Кондесация кезінде дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?(Төмендейді)
3 Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты? (сұйық бетінің ауданына, тегіне, температурасына)
4. Егер су құйылған стақанды жылы бөлмеден температурасы 00С болатын басқа бөлмеге ауыстырса, ондағы су булана ма? (Ия)
5. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
6. Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану (қайнау)
7. Неге қыстың аязында адамның сақал мұртына қырау қатады? (Бу конденсацияланады, содан кейін кристалданады.)
8. Ылғалдылықты өлшейтін құрал (психрометр)
9. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273 0С-қа тең, ол не деп аталады? (температураның абсолют нөлі)
10. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу (қанықпаған бу)
11. Бір стақанда ыстық және екіншісінде суық су бар. Осы екі стақандағы сулардың ішкі энергиялары бірдей ма?(Бірдей емес)
12. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал (термометр)
13. Сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналуға қажетті жылу (меншікті булану жылуы)
14. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (қаныққан бу)
15. Салмақсыздық кезінде жылу беріле ме? (Жоқ)
16. Булану деп нені айтады?(Сұйықтың буға айналуы)
17. Жылу өткізгіштігіне қарай заттар нешеге бөлінеді? (нашар, жақсы өткізгіштер, диэлектриктер)
18. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралағына ену құбылысы (диффузия)
19. Аяздан жылы бөлмеге кірген адамның көзілдірлігі неге терлейді? (Ылғалдылық жоғары болғандықтан)
20. Қатты денелерде және вакуумде конвекция процессі жүрмейді. Неліктен? (Жылу ағын арқылы беріледі )
2 – гейм. «Көсемдікке ұмтылу». Топтарға кристал денелердің балқуы жәнеқатаюы туралы графиктер беріледі. График бойынша берілген сұрақтарға жауап қайтарады. Деңгейлі есептер беріледі.
1-ші топқа: графиктік есеп: Массасы 1,5 кг мұзды қыздырды, балқытты, алынған су мөлшерін қыздырды. Суретте мұз температурасының өзгеру графигі берілген.
Графиктің АВ, ВС және СД бөліктеріне қандай процесстер сәйкес келеді?
Осы бөліктердегі мұз молекуласының кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
АД бөлігіне қандай жылу мөлшері қажет?
Есеп:
Массасы 0,75 кг суды 200С –тан 1000С-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?
Достарыңызбен бөлісу: |