6-гейм. «Егер мен физик болсам...»
«Егер мен физик болсам энергия көздерін (мұнайдан басқа) қайдан алар едім...»
«Тұрғылықты жерімізді (экологиялық таза) қалай жылытуға болады?»
Қорытынды. Әділқазылар алқасы екі топты бағалайды.
Сабақ тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
Мақсаты:білімділік: а) дыбыс толқындары туралы түсінік беру
ә) дыбыстың сипаттамаларын, музыкалық дыбыстарды
қарапайым мысалдар арқылы түсіндіру.
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру.
дамытушылық: пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту,
білімділік танымдарынөмірмен байланыстыра
отырып арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.
Көрнекілік құралдар: слайдтар, домбыра, камертон,
графопроектор.
Пән аралық байланыс: тарих, этнопедагогика, қазақ тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1.1. оқушылардың құрал – жабдықтарын алғызу
1.2. зейінін сабаққа аудару
1.3. оқушыларды психологиялық дайындау
1.4. Оқушыларға өзіндік бағалауды түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
25 – жаттығудың № 3
сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
IV. Жаңа сабақты меңгеру.
Жаңа сабақты бекіту.
Қорыту.
Үйге тапсырма
Бағалау
І І. 1. Берілгені Талдау Шешуі
υ=20м∕с м/с *0,5с = 1 м
T=0,5 c
λ = ?
ІІІ. Өткенді еске түсіру физикалық диктант
Физикалық диктант, 5 минут
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
Г равитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
.
Достарыңызбен бөлісу: |