«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Жұбандықова
Күні: 27.02.2016
Сыныбы: 9
Сабақтың аты
|
§31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары жайлы мағлұмат беру
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамаларын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өзінін – өзі бағалауға баулу
|
Күтілетін нәтиже
|
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары жайлы мағлұмат алады
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамаларын тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Бірін-бірі бағалай алатын болады
|
Негізгі идеялар
|
16 Гц-20000 Гц →дыбыс толқындар, музыкалық дыбыстар.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.
Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.
Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
|
Формуланы тап
|
Есептер шығару
|
Тест жұмыс
|
Пәні:физика
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
8.
ІІІ. Жаңа сабақ (3 минут)
Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ. Сол арқылы бір – бірімізбен қарым – қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі (Дыбыс)
Дыбыс туралы (бейне таста көрсету)
Топтық жұмыс (10 минут)
І топ. Дыбыс. Дыбыс сипаттамаларына постермен жұмыс.
ІІ топ. Дыбыс.Дыбыс сипаттамаларына тәжірибе жасау.
Топ пікірлерін тыңдау.
ІV. Сергіту сәті (3 минут)
Нұрболат Ақжан (Күй. Көзімнін қарасы)
V. Формуланы тап (4 минут)
Т. t. υ. λ. n. 1.
VІ. Есептер шығару (10 минут)
1.Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
2.Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц
VІ І. Тест жұмысы. Жаңа сабақты бекіту. (7 минут)
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ С) 120дБ
Тест жауабы.
1.А 2.А 3. С 4. Б 5. Д 6. А 7. С
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)
Кейінгі тапсырмалар
|
26-жаттығу. №5
|
Кейінгі оқу
|
§31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
|
«Тұщыбек негізгі орта мектебі»
Тақырыбы: «Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары»
9-сынып
Өткізген:Д.Керекбаева
2016ж
Достарыңызбен бөлісу: |