Сабақтың атауы Тіл туралы заң Мақсаты



бет2/4
Дата04.10.2020
өлшемі85,53 Kb.
#63940
түріСабақ
1   2   3   4
Қызығушылықты ояту

Терезеден есiледi,

Қараңғыны көшiредi. (Сәуле)


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

1. «Ана тілі» сөзін топтастыру әдісі
2. «Қазақ тіліне қатысты өзекті мәселелер» ой қозғау. Пікір алысу.
3. Мәтінмен жұмыс. Джиксо әдісін қолдану.

1) Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы 22 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы тілдер туралы Заң қабылданып,қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

2) Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдер ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай (Кавказда), қарақалпақ,татар,башқұрт, қарашай - балқар тілдері. Қазақ тілі –Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан,
Түрікменстан, Монғолия,Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия т.б. елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

3) Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды: араб жазуы, латын жазуы және орыс жазуы қолданылып келеді .


Қазақ тіл білімінің негізін салушы атақты ғалымдар Ахмет Байтұрсынов, Нығмет Сауранбаев,
Сәрсен Аманжолов т.б. Қазақ әдеби тілінің дамуына үлес қосқан Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.
Қазақ тілі –бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Тілімізді сақтап, дамыту - бәріміздің қасиетті міндетіміз. Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.

Сергіту сәті

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)? 


Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Ағаш жапырақтарына қазақ тілін дамыту жолдарын жазып, ағашты көркейту.
Ана тіліңді мақтан ет.
Ана тіліңді жатсынба.
Тілді құрметте.
Тілге жанашырлық таныт.
Қазақ тілінде сауатты жаз.
Ана тіліңде тәрбие бер.

Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет