Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Құмырадағы балақан (жапон ертегісі)
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны жапон ертегісі «Құмырадағы балақан» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын дамыту, ертегінің тәрбиелік мәнін ашу. Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Ү. Жаңа сабақ: жапон ертегісі «Құмырадағы балақан» атты ертегісін түсініп оқып көрелік. Не жайлы екен?
Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып,дұрыс оқу.
«Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген мақал нені білдіреді? Ертегінің соңында балақанның Тародан өтінген сөзін тауып оқы. ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Таро кім? Таро жол шетінен не тауып алады?
«Қыдыр, көбірек қыдыра түс, мен бұдан да зорайып өсемін» деген сөз не мағына білдіреді екен?
Таро құмырадағы балақаннан қалай құтылды?
ҮІІ. Қорыту. Ертегіні өз ойыңмен аяқтап шық.
|
Мағынаны тану
|
Ой толғаныс
|
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
(Сағат)
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.
(Сағат)
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.
(Сағат)
Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлей тұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.
(Сағат)
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Сауысқанның ұясы (ағылшын ертегісі)
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны ағылшынның «Сауысқанның ұясы» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, ертегінің тәрбиелік мәнін ашу, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1. Адам баласы да, ұшқан құста нені аңсайды?
Қытай императоры әнші құс сайрау үшін қандай жағдай жасады? Құс қай жерге келгенде тамылжытып ән сала бастайды?
Оның себебі не екен?
Император қандай жарлық берді? Онысы дұрыс па?
|
Мағынаны тану
|
1. Сынып оқушыларын топқа бөлу.
Балаларды туған айлары бойынша бөлу, яғни жазда немесе көктемде, қыста немесе күзде туғандарды т.с.с. бөлуге болады.
2. Ертегі мәтінін алдын ала компьютерге теріп, бөліктерге бөліп, топқа үлестіріп беруге болады. Әр топ өзінің оқығаны бойынша түсінгенін топ ішінде талдайды, сонан соң топ ішінен біреуі оқығандарын қысқаша баяндап береді.
3. Ертегі бойынша мынадай тапсырмалар беріледі: Ертегіде қандай жолдар қайталанып келіп отырады? Тауып оқы. Тырна да, Қарға да, Шымшық та, Қарлығаш та, Торғай да неге үшып кетті? Мына сызбаны толтыра отырып, сауысқанның мінез құлқына сипаттама бер. Ол үшін мәтінді мұқият оқып, сауысқанның мінез-құлқын ашуға пайдаланылған автор сөздерін тауып, жазып шығыңдар. Теріп жазған сөздерінен немесе сөйлемдеріңнен сауысқанның қандай мінезін байқауға болады? ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Сауысқан құстардан не үшін көмек сұрады?
Сауысқанның қандай сөзі құстарға ұнамады?
Сауысқанның ұясы неліктен сыйықсыз болып қалды?
Ертегіден өзіңе қандай ой түйдің?
Ертегіде саған не (кім) ұнады? Неліктен ұнады?
|
Ой толғаныс
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |