Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Дамытушылығы: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, Абай шығармаларынан көрме.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. «Алақан жаттығуы».
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
Психологиялық ахуал
1. Сабақтың мақсаты, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Тақтада кесте:
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс - көнсеңіз».
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
- Абай ата туралы не білеміз?
Жаңа сабақ. Кестемен жұмыс.
Абай Құнанбаев
1. Операциялық – орындаушылық кезең. (оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру).
2. Жарыс сабақ. «Абай ауылына саяхат».
1 - топ: Абай өлеңдері. Табиғат туралы.
2 - топ: Абай қарасөздері.
3 - топ Абай аудармалары.
4 - топ: Абай әндері.
2 - тапсырма. Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңімен жұмыс.
1) Мәтінді мұғалімінің мәнерлеп оқуы.
2) Оқушыларға оқыту.
3) Сөздік жұмысы.
3 - тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, кестені толтыру.
Адамның мінез құлықтары
жағымды ------------------------------------- жағымсыз
Ғылым таппай мақтанба ----------------- Сабырсыз, арсыз, еріншек
Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» - деп аталатын өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазу.
5. Түсінгендерін тексеру: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің бағасы шығады. Жауаптарына ауызша баға қояды.
6. Қорыту.
- Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?
- Нені білмей қалдым? – сұрақтарына жауап беру.
7. Үйге тапсырма.
1. Түсініп, мәнерлеп оқу.
Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үйге тапсырма
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Сілтеме
3-сынып Әдебиеттік оқу
Тақырыбы
С.Бегалин. Қырдың жас түлегі.
Жалпы мақсаты
Мәтін мазмұнын түсініп оқу.Шоқан Уәлиханов туралы
өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру,кеңейту.