Сабақтың атауы
|
А.Байтұрсынов Екі шыбын
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән - мағынасын ашу. Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой - өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: автор суреті, тірек - сызбалар, кеспе қағаздар.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, сұрақ - жауап, түсіндіру.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Мынау менің жүрегім
Елімді мен сүйемін
Жақсылыққа жақын боп
Әрдайым күліп жүремін.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
|
Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесін мазмұндау.
Шоқанның суреті және өмірі туралы жазу.
1. 3 - сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір? (Қырдан келген жас қазақ)
2. Анатолийға мінездеме бер. (Қолынан ештеңе келмейтін, мақтаншақ, жағымпаз).
3. Шоқанға мінездеме бер. (Өз елін, табиғатын сүйеді. Ол мінезімен сыйлы. Жақсы мен жаманды айыра біледі).
Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» өлеңі.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен.
А. Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. А. Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тізбектей оқу.
Дәптермен жұмыс
Шылауында - біреудің ырқында, жетегінде
|
|
Сергіту сәті
|
Қолды белге қояйық
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық
|
|
Ой толғаныс
|
Кестемен жұмыс.
1 - ші шыбын қандай?
2 - ші шыбын қандай?
Мақтаншақ
Кішіпейіл
Сабақты бекіту.
«Шыбын аулау» ойыны
1. Өгіз қайдан келе жатты?
2. Шыбынға кім кездесті?
3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
4. Оның қандай мысалын оқыдық?
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|