Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Қ.Жұмаділов Адасқан бала
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1. Білімділік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы білім алуға, алған білімін өмірде қолдана білуге, қамқорлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой түйіндеу, рөлге бөліп оқу, деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көшеде жүру ережесі, әдеп.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Әр оқушы өздеріне ұнайтын фигураны таңдайды. Тест қорытындысы бойынша ерекше психологиялық мінездеме айтылады.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Нақты сұрақ - дәл жауап
(бір ауыз сөзбен)
1. Арғынның атасы қайда жарты күн дайындалады? (шөп шабуға)
2. Атасы қолғабысты қалай түсіндірді? (көмектесу)
3. Көктомарда Арғын немен айналысты? (бүлдірген терді, көбелек қуды, гүл терді)
4. Атасы Арғынның әкесін неше жасында шөп шабуға үйретті? (12 жас)
5. Әңгімедегі негізгі ой қандай? (еңбекке баулу, қолғабыс жасау)
|
|
Мағынаны тану
|
Соңғы кезде бірыңғай бүгінгі күн тақырыбына, қазіргі замандастар өміріне қалам тартып келе жатқан жазушының бірі - Қабдеш Жұмаділов.
1936 жылы Шығыс Түркістанның (қазіргі Шынжаң өлкесі) Тарбағатай аумағы Шәуешек өңірінде дүниеге келген. "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Соңғы көш" романдары жарық көрді.
Адасқан бала
Жәнібектің Жако аталуы
Жаконың ұшты-күйлі жоғалуы
Ала көйлекті баланы сұрастыру
Балалардың ойыны
Бассейнді іздеу
Ақырғы аялдама
Милицияның балалар бөлмесі
Ата тегін толық жаттауға мәжбүрлік
Сұрақтар:
Әңгіме кім туралы?
Жәнібек қалайша аяқ астынан жоғалып кетті?
Ол қандай оқиғаларды басынан кешірді?
Жәнібек неліктен әке-шешесінің аты- жөнін жаттап алуға мәжбүр болды?
|
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс
Мәтіннен Жәнібектің түр-тұлғасы сипатталған жолдарды тауып оқы
Өз тұрған мекен жайыңды қағаз бетіне түсір.
Қазақта "Жеті атасын білу" заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деп аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу - ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |