Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет21/97
Дата05.12.2016
өлшемі8,99 Mb.
#3210
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А.Сопыбеков Сапар мен парта

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

а) Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен Парта» мысалын түсініп
оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге жаттықтыру;
ә) Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау мен жазуын дамыту;
б) Мектеп мүлкін таза ұстауға, ұқыптылыққа баулу. Ағаш өсіруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: пысықтау
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, Қ. Баянбаев портреті, кітабы,
«Араша» бейнелі сурет, кабинет суреті, емен ағашы
Әдіс - тәсіл: СТО технология стратегиялары

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру бөлімі: а) Оқу құралының түгел болуын қарау;
ә) Психологиялық дайындық
Қызығушылығын ояту
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім.
Тапсырма 5 - сұрақ
Мысал деген не?
♦ Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды.
Әсірелеу деген не?
♦ Әсірелеу бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді
Теңеу деген не?
♦ Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату
Диалог деген не?
♦ Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды
Монолог деген не?
♦ Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды.
Үй тапсырмасы: «Араша»
Қастек Баянбаев
1. Жұптық тапсырма.
Жазбаша сөйлеу
2. “Суретті таңда” ойыны
Өлеңді рөлге бөліп орындау
3. Талдау
Мағынаны тану
Бүгінгі сабағымызда «Сапар мен Парта» мысалын оқимыз. Адырбек Сопыбеков – балалар ақыны.
Мәнерлеп оқу
Талдау – табыс кілті
• Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?
• Парта Сапарға неге ренжіді?
• Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады?
• Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма?
Ойлан
▪ Парта неден жасалады?
▪ Емен ағашы туралы не білеміз?
▪ Ағаш туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Топтық жұмыс (Калай оқу керектігі)


Әр топтың алдында А-3 қағазы беріледі. Оқушылар жұмыстарын осы қағазға жазып қорғайды.
І топ: Сапар мен парта сөздеріне 5 жолды өлең құрастыру.
ІІ топ:Сапар мен партаға мінездеме бере отырып , салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын жазады.
ІІІ топ: Партаны адам кейпіне келтіріп қабағын түйгізіп суретін салу.
Дәптермен жұмыс
Әр топтағы әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
І топ: Эссе жазу «Әдепті бала – арлы бала» мысалмен, өмірмен байланыстырып жазу.
ІІ топ:Мысал бойынша келесі топқа сұрақ дайындайды.
ІІІ топ: Тақырыпқа байланысты мақал -мәтел жазады.
Біздің сыныпта
Эссе
Мұны білген жөн
Гигиеналық талаптар
1. Мектептегі оқу жабдықтарының ара - қашықтығы келесідей болуы керек:
а) парталар қатарының арасы – 60 см;
ә) екі парта арасы – 50 см
б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы – 70 см
в) мұғалім үстелі мен тақта арасы – 1 м
г) бірінші парта мен тақта арасы – 2, 4 - 2, 7 м
ғ) соңғы парта мен тақта арасы – 8, 6 см
д) тақтаның жерден биіктігі – 80 - 90 см
Кабинет жабдықтарының өлшемі мен белгілері
Ой толғаныс
Алтын ереже
• Мектеп мүлкін күтіп ұста
Партаны сызба
• Партаны бүлдірме
• Орындықты ырғыма
• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап
• Кабинет есігін қатты жаппа
• Партаны күтіп ұста
• Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт
Қорыту
▪ Өлең неліктен “Сапар мен Парта” деп аталған?
▪ Бұл мысалдың негізгі ойы не?
Үйге: “Сапар мен Парта” мысалын оқу
Бағалау: Оқушыларды бағалау

Мағынаны тану



Ой толғаныс


Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ - жауап, оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой тастау, РАФТ әдісі, Инсерт әдісі.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, компьютер, Classmet.

Психологиялық ахуал


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.
Психологиялық даярлық.
Мұғалім: ---------------------- Оқушылар:
Әрбір адам - ----------------- Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - ---------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - ------------------- Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің - ----------------- Шындық, бірлік, адамдық.

Үй тапсырмасын тексеру.


Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта. (жаттау, сахналау, партаның суретін салу.)

Жаңа сабақ.


Жұмбақтар шешу:
1. Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)

2. Көлбең - көлбең етеді,


Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)

Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз.


Сабақтың мақсатын хабарлау.
С. Оспанов туралы мағлұмат беру.
С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.

Инсерт әдісі. Не білесің? (шыбын мен көбелек туралы)


Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын оқыту, талдау.
Оқулықпен жұмыс.
Мысалды оқушыларға оқыту.
Мысалды рөлге бөліп, сахналау.
Сұрақтарға жауап алу.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Үнтаспадан «Шыбын мен көбелек» диалогын тыңдату.
Кім мықты? сайысы.
1 - қатар. Шыбын мен Көбелек туралы өлең жолдарын құрастыру.
2 - қатар. РАФТ әдісі. Шыбын мен көбелекке хат жазу.
3 - қатар. Тақырыпқа байланысты сурет салу.

Қорытынды.


Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру. Пайдасы мен зияны туралы айту.
- Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Үйге тапсырма. 75 бет. Мысалды түсініп оқу. Рөлге бөліп, сахналау.
Бағалау.

Қызығушылықты ояту



Мағынаны тану


Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет