Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түсінуге ықпал жасау. Қазақ тілінің қасиетін, құдіреттілігін өлең бойынша ашу арқылы оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеті: 1. Оқылған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым – қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Сюжеттің композициялық бөліктерімен танысу, өлеңнен табиғат суреттерін тауып, сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.
Психологиялық ахуал
Ұйқасын тап ойыны.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
.......... болмаса,
Болмас еді жыр, әнім
Қазақ тілім - өз тілім,....
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың – мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым дара тілім.
Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
............ бағасы,
Қымбат екен алтыннан.
Құндағында бесіктің,
......... үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсемін
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Ана тілі сөзіне түрлі ассосациялар ойлау.
Аңыз «Тілден қымбат қазына жоқ»
Даналардан шыққан сөз. Үш би.
Мағынаны тану
А) Автор туралы қысқаша мағлұмат.
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді іштей оқу, танысу.
Адасқан жолдар ойыны
4 топ әр шумақты өз ретімен құрастырып шығып, түсінгенін айтады.
Ой толғаныс
Біліміңді байқап көр.
І топ. Мақал мәтел айту.
ІІ топ. Өздері білетін өлең шумақтарын айту.
ІІІ. Нақыл сөздер.
ІҮ. Ана тілі туралы ән айту.
ХІ. Мен не айтқым келеді?
Қимылмен көрсетілген мақалдарды табу.
Басқа бәле тілден.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Өнер алды қызыл тіл.
Ең ащы да - тіл,
Ең тәтті де – тіл.
ХІІ. Өз ойыңды жеткізе біл.
Нақыл сөздің мазмұнын аш.
Тілге деген құрмет,
Елге деген құрмет.
«Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады» демекші, көркем сөздерді пайдалана отырып, берілген сурет бойынша табиғатты шағын әңгіме арқылы баяндау.
1. Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында» мәтінімен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын ашу.
2. «Ана құшағында» мәтінін түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
3. Аналарымызды құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ғ. Мүсірепов портреті, нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, гүлдер т. б
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, 5 жолды өлең стратегиясы.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеу
- Үй тапсырмасын сұрау
Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
- «Апамның астауы» әңгімесіндегі апасына берген мінездемені айтады?
- Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң - көп сөйлемейтін тек өз ісімен ғана жүретін, қақ - соғы жоқ, инабатты жуас адам еді. Дүниеде өсек - аяң, қулық – сұмдықты білмейтін, не болса тірі пенденің бетіне әй, сен сондайсың деп қарамаған немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық ораза - намазы бұзылмаған, таза да тәкәппар әйел еді.
- Өте жақсы балалар!
Оралхан Бөкей апасына деген сағынышын әдемілеп суреттесе, Ғабит Мүсірепов «Ана» туралы өз сезімін білдірген екен.
2. Негізгі бөлім:
- Жаңа сабақты түсіндіру
«Ана» деген сөзді кім қалай түсінеді? (оқушылардың ойларын сұрау )
Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»
Автор туралы қысқаша мағлұмат беремін.
Ассосация стратегиясына назар аударайық.- Ана туралы, ананың қасиетін айта беретін болсақ, ол бір таусылмайтын жыр.
Олай болса, Ғ. Мүсіреповтың Ана құшағындағы мәтініне көңіл аударайық, мен мәнерлеп оқып беремін. Музыка ырғағымен(«Көңіл толқыны» күйіне) мәтінді мәнерлеп оқимын. Оқушыларға мәтінді әрбір азат жолдан оқытамын.
Ой толғаныс:
- Ананың, әженің мейірімін көрсететін суреттер беріліп тұр. Осы сурет бойынша өз пікірлерімізді ортаға салайық.
- Мына бір өлеңнің ұйқасын табайық.
Ана өмір...,
Ана өмір...,
Бесігімнің...
Жүрегімде....
Сергіту сәті:
«Жалғасын тап» ойыны:
1. Ананың көңілі ----------,
Баланың көңілі ---------.
2. Әке - -----------,
Ана - -----------,
Бала - -----------.
3. Анаға қарап -----,
Әкеге қарап ------.
- «Ана бәрінен де қымбат, жалпақ дүниеден де үлкен», - деп Б. Бұлқышев айтқандай анасыз ешбір жетістіктерге жету мүмкін емес. Осы жалпақ дүниеде, яғни Қазақстанда бүгінгі таңда қандай елеулі оқиға болып жатыр?
- Қазақстан күннен - күнге әлемге танылып жатыр. Соның бірі Қысқы Азиада ойындары Астана мен Алматы қалаларында өтіп жатыр.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса бізде қысқы Азиада ойындарына кішкене ғана саяхат жасап көрейік. Қысқы спорттық ойындардың суреттерін көрсетіп, Азиада ойындары туралы сұраймын. Сұрақтарға жауап беріп, біздің спортшыларға жеңіс тілейік.
Тапсырмалар:
1. Ана туралы бір шумақ өлең, мақал - мәтел айт.
3. 5 жолды өлең стратегиясы: 1 зат есім, 2 сын есім, 3 етістік, 1 сөйлем, 1 синоним құра. Зат есіміміз «Ана» сөзі болсын.
- «Ана»- мейірімді, сезімтал - тәрбиелейді, жұбатады, үйретеді - Ана мейірімділікке үйретеді - шеше. Бізді барлық жақсылыққа жетелейтін6 ол біздің анамыз екен.
Қорытынды бөлім:
Оқушыларды бағалау. Үйге: Ғ. Мүсіреповтың «Ана құшағында» мәтінін оқу. «Менің анам» тақырыбына шығарма жазу.
- «Ана тілі - өмір шырағы» әнінің ырғағымен келген қонақтарға балалардың шағын сыйлықтарын үлестіріп, сабақты аяқтаймын. Осы отырған барлығымыздың аналарымыз аман болсын!