Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мен не үйрендім? Бөлімді қайталау
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Жалпы мақсаты: Өткен тарауды қайталау
Оқу нәтижесі: Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну, ойлану, талқылау.
Мұғалім оқуға бағыттап отыру
Оқушылардың өзін - өзі бағалау мүмкіндіктері
Тапсырмалар: Топқа бөліну, сауалнама, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бағалау парағы.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла
5 - ке қолды жеткізу
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Сурет бойынша әңгімелесу.
|
|
Мағынаны тану
|
Қанат туралы хикая шығармасынан үзінді айт.
Наурыз айының ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
«Менің анам» эссе жаз
Жылқы қандай жануар постер жазу
|
|
Ой толғаныс
|
Екі үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.
(Жаз бен қыс)
Бір адамға он екі егіз,
Бір егізде біреусіз сегіз.
(Ай мен апта)
Шілдедей шуақ күні бар,
Бұлбұлдайын үні бар.
Көк шалғыны құлпырған,
Масатыдай түрі бар.
Қызықтырған адамды,
Неше түрлі гүлі бар.
(Мамыр айы)
Бір ұяда жеті жұмыртқа.
(Апта)
Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі -
Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.
(Күн, түн)
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып бірін-бірі жүре берер.
(Түн, таң, күн)
Баяғыда болыпты екі патша,
Бірі қуып бара жатса, бірі қашса,
Артында он екіден баласы бар,
Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса.
(Күн мен ай, он екі ай)
Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,
Мұнша үйректі санап алу елдің салты.
Күніне бір үйрегім жоғалады,
Айтшы сен сол үйректі кім алады?
(Күнтізбе)
Бір нәрсе дөңгелейді шыр айналып,
Келеді бір жеріне қайта айналып,
Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен,
Отырар оны көрсе ер жайланып.
(Сағат)
|
|
Үйге тапсырма
|
Тест тапсырмаларын құрастыру
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Тексерілді: 18.03.2016ж
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
М Сәрсеке Ғажайып сәуле
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1.Оқушыларға әңгімедегі жазушының айтайын деген ойын ашу, көрінбейтін адам, нейтрон, атом туралы мағлұматтар беру.
2.Оқушыларды шығармадағы деректерді салыстыра отырып талдауға дағдыландыру,қауымдасып жұмыс істеуге,өз ойларын,пікірін ортаға салуға,ұрлық істемеуге тәрбиелеу т.б.
3.Оқушылардың ой-өрісін арттырып,сөздік қорларын байытып,тіл байлығын кеңейтіп,шығармашылық қиялын дамыту.
Сабақтың типі:Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың түрі:Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, сызба, кестемен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың формасы:топпен,жалпы оқушылармен.
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар;(Автор суреті,кітаптары, көрінбейтін адам,атом, нейтрон, сызба, кесте)
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Медеу Сәрсеке жайлы мағлұмат беру.Суретімен таныстыру
1936 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан обл,
Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келді
Қазақ жазушылар одағының мүшесі, жазушы;
1955 жылы Қазақ политех.инс.металлург. фак. 1958-1965 жылы «Лениншіл жас»,« Жас алаш»,
М.Сәрсеке «Социалистік Қазақстан»
«Жетінші толқын», «Көрінбестің көлеңкесі»,
«От пен атом» т. б. кітаптары бар.
«Құрмет» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі
1965 жылы әдеби жұмысқа біржола ауысты
1959 жылы ең алғаш ғылыми фантастикалық
повесі жарық көрді. «Ғажайып сәуле»
Биыл 75 жыл толады
«Ғажайып сәуле» мәтінімен таныстыру.
Оқушыларды топқа бөлу.
Екі топқа мәтінді бөліп оқыту,топтарында талдату.
Топтан оқушы шығып түсінік айтады.
Дәптермен жұмыс:
Әңгімеге сүйеніп, «көрінбейтін адамның» бойындағы ерекше қасиеттерін дәптерге толықтырып жазу.
Қандай?
……………..
Көрінбейтін адам ……………..
……………..
……………..
|
|
Мағынаны тану
|
|
Ой толғаныс
|
Герберт Уелс 1866-1946 жылдары өмір сүрген.Лондон қаласында дүниеге келген.14 жасынан жазушылықпен айналысқан. «Уақыт машина», «Война миров », «Уақыт машинасы» т. б. романдары бар.
Джеймс Чедвик 1891-1974 жылдары өмір сүрген. Болингтон қаласында дүниеге келген.(Англия) 1908 жылы Манчестер Университетінде физмат факультетін бітірді.1935 жылы Нобель сыйлығының иегері, нейтронды ашқан ғалым.
Слайдтармен түсіндіру.
4.Мәтін бойынша талдау.
Сызба арқылы салыстыра отырып жүргізу.
Көрінбейтін адам мен нейтрон сәулесінің ерекшеліктерін жазу.
Сызбамен жұмыс:
Көрінбейтін адам Нейтрон
Герберт Уелс Джеймс Чедвик
Адам көзге көрінбейді Сәуле
Геометриялық дененің барлық қасиетіне ие Көзге көрінбейді
Көрінбесе де әртүрлі әрекеттер жасай алады Бітеу ыдыста сақтай алмайды
Жазушы қиялы Элеметтің заряды жоқ, кез келген денені тесіп өтеді
Ой қозғау.
1.Әңгімедегі «Нейтрон» сәулесі адам өміріне қауіпті деп ойлайсыңдар ма?
2.Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елді білесіңдер?
3.Біздің еліміздің қай өңірінде атом сынақтары жүргізілді?
4.Атом электр станциялары туралы естігендерің бар ма?
5.Жапониядағы «Фукусима-1» атом электр станциясындағы жарылыс жайлы не білесің?Оның табиғатқа,адамзат тіршілігіне қандай әсері бар?
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұнын айту
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |