Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет12/30
Дата27.05.2018
өлшемі5,94 Mb.
#41036
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сәбит Мұқанов

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Ойыншықтар үлестіріледі



Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов[1] (1900, бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі -1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.



  • 7 Әдебиеттер тізім

Өмірі мен шығармашылығы

Сәбит қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.

Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.

Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.

Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының председателі болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.

Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап, тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.

1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ»(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.

Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі.

Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды.

1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

1960 жылы халқымыз 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап өтті, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен наградтады.




Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мәтінмен жұмыс

Сөздік жүмысы



Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Әдебиет теориясы. Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің



тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде(қолдарын алға созады,



саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу



Гүлдер арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту


Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мәтінмен жұмыс

Сөздік жүмысы

Дәптермен жұмыс


Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет