Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
Өміpбаяны
1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы,Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.
1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.
1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.
1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.
1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.
1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.
1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.
Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау
Шығармашылық тапсырма
1-топ
Сөзжүмбақ
2-топ
Ребус
3-топ
Тест құрастыру
|