Тақырыбы
2 сабақ 5 сынып
|
Тәуелдік жалғау, Жалқы есім
|
Мақсаты
|
Білімділік: жалғау түрлерін жан – жақты менгерте отырып тәуелдік жалғауларының ерекшелігін таныту.
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау қабілітін дамыту.
|
Жалпы мақсат
|
Қазақ тілінің дүние жүзіндегі тілдер арасындағы беделі туралы, қоғамдық қарым-қатынастағы қазақ тілінің мәні екенін білу керек
|
Күтілетін нәтиже
|
Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;-Ойын нақты жеткізе алады;-Өзін-өзі реттейді
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Кім жылдам,Миға шабуыл,Жигсо, Ассосация ,Эссе
|
Қолданылатын ресурстар
|
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
|
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
|
Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу
Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру
«Сандарды бейнеле» ойыны
арқылы психологиялық ахуалды жақсарту
3 топқа бөлу:
1 топ: «Қазақстан»
2 топ: « Достық»
3 топ «Сыйластық»
|
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.
Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.
|
Білу
Миға шабуыл
Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
|
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
|
Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
|
Түсіну
Қазақ тілі-ардақті тілім» Постермен өткен тақырыпты қорғау
|
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға өткекн тақырып төңірегінде және үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.
Ал енді балалар, алдарыңыздағы суретке қарап зат есімнің тәуелдік жалғауларын екі топқа бөліп тез жіктеу керек.
Тәуелдік жалғау
Жекеше түрі:
I жақ менің дос-ым, менің әже-м
II жақ сенің дос-ың, сенің әже-ң
II жақ сіздің дос-ыңыз сіздің әже-ңіз
III жақ оның дос-ы оның әже-ci
Көпше түрі:
I жақ біздің кітабымыз
II жақ сендердің кітаптарың
II жақ сіздердің кітаптарыңыз
III жақ олардың кітаптары
|
Қолдану
Жигсо пайдалану
|
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек
. Мақал – сөздіңмәйегі
1. Тілтасжарады, тасжармаса...бас жарады.
2. Ине көзіненсынады...шешенсөзіненсынады
3. Пілкөтермегенді...тілкөтереді
4. Жетіжұрттыңтілінбіл...жетітүрліілімбіл
5. Шебердіңқолыортақ...шешенніңқолыортақ
6. Айтылғансөз ...атылғаноқпентең
7. Бірлік болмай … тірлік болмас.
8. Ерді намыс өлтірер, …. Қоянды қамыс өлтірер.
9. Көз қорқақ, … қол батыр.
10. Ел құлағы … елу.
11. Судың да … сұрауы бар.
12. Тұр-тұрданқабаркелсе,
Ұйқыдан маза кетеді.
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
|
Талдау
Пікірталас сұрақтарымен жұмыс жасау арқылы тақырыпты талдау ол үшін
Ассоциация әдісін пайдалану ,құру
|
Оқушыларға пікірталас кезеңін өткізу,тақырып төңірегінде өз пікірлеріне сәйкес тақырыпты бойынша сипаттау
Тәуелдік жалғау, Жалқы есім
|
Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.
Тақырыпқа сипаттама береді
Тақырып туралы өз ойларын жазады. Өз ойларын айтады.
|
Жинақтау
Қазақ тілінің қоғамдық мәні туралы Эссе
|
Қазақ тілі туралы топ бойынша Эссе жазу, жинақтайды, бір-бірін бағалайды
|
Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
|
Бағалау
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату
|
Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек
|
Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды
|
Рефлексия
|
Екі жұлдыз , бір тілек
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
|
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
|
Үйге тапсырма
|
Тақырыпты оқу
«Қазақстан»тақырыбына кітапша , альбом жасау.
|
|