№ 278 орта мектеп тарих пәні мұғалімі
Сейітова Гүлмира Жақсыбайқызы
Қызылорда қаласы
Тоқсан
|
2015 жыл
|
45 минут
|
Пәні: Ежелгі дүние тарихы
|
Сынып 6
|
Сабақтың аты
|
§. 22 Ежелгі Қытай мәдениеті
|
Сілтеме
|
1.Ежелгі дүние тарихы оқыту әдістемесі 2012 жыл
2. Ежелгі дүние тарихы дидактикалық материалдар
3.Қазақстан тарихы әдістемелік журналы №2. 2014 жыл
|
Жалпы мақсаты
|
1.Ежелгі Қытай данышпандары ,ғылыми білімі мен өнер табыстары туралы мәлімет беру.
2.Қытайдың жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. 3.Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
1.Ежелгі Қытай данышпандары ,ғылыми білімі мен өнер табыстары туралы мәлімет білетін болады.
2.Қытайдың жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктерін түсінетін болады.
3.Топта бірлесіп жұмыс жасайды
|
Негізгі идеялар
|
Қытай мәдениеті ғылыми білімі мен өнері дамуында жаңалықтар ашу. Кун-Фуцзы (Конфуций)- ежелгі Қытай данышпаны. Сыма-Цянь-қытай тарихының атасы.
|
Тапсырмалар
|
1.Сұрақтар қою техникасы
2.Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)
3.Жұптық жұмыс (Венн диаграммасы )
4.Жеке жұмыс ( ББҮ )
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (1-минут) зейінін сабаққа аудару
1.2. Топқа бөлу Кун-фуцзы (Конфуций), Сыма Цянь және жылнамашылар болып үш топқа бөлінеді ,( 2 -минут)
ІІ. Миға шабуыл (Сұрақтар қою техникасы); (2- минут)
Кезбе тілші топтарға бірнеше сұрақтар қояды.
1.Жібек маталардың ерекшеліктері неде ? «Ұлы жібек жолы» деп неге аталған ? Оның қандай тармақтары бар ? 2.Қытай билеушілері батысқа қарай басқыншылық жорықтарын не үшін жүргізді ? Қандай жерлерді басып алды ? 3.Еңбекші халық жағдайы неге нашарлады ? 4. «Қызыл қастылар» мен «сары орамалдылар » көтерлістері туралы не білесің ? (Стикер арқылы бағалау)
III-Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс) (12-минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Oқулықтағы кіріспе бөлімімен таныса отырып, үш топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды.
Топтарда 5-рөлді анықтайды: көшбасшы,баяндамашы,хатшы,уақыт сақшысы және бақылаушы.Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 минут).
1-топ. «Жазуы мен әдебиеті,Конфуций –ежелгі Қытай данышпаны» бөлімдерін оқу,талдау.
2-топ « Сыма Цянь-қытай тарихының атасы» бөлімін оқу, талдау
3-топ «Ғылыми білімі мен өнер табыстары» бөлімін оқу талдау,картамен жұмыс.
2 жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосуы
|
|
|
|
|
2
|
Өз міндетін атқаруы
|
|
|
|
|
3
|
Құнды идеяның айтылуы
|
|
|
|
|
Жұптық жұмыс (5 минут)
1-тапсырма: Ежелгі Үнді мәдениеті мен Ежелгі Қытай мәдениетін салыстырып сипаттау.
“Венн диаграммасы”
Ежелгі Үнді мәдениеті
|
Ұқсастығы
|
Ежелгі Қытай мәдениеті
|
Ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай елдердің бірі Үндістан.Ауыздан -ауызға таралып,ұрпақтан-ұрпаққа жетіп сақталған екі жыр әлемдік әдебиеттегі «Махабхарата» және «Рамаяна» деп аталатын ең үздік шығармалары бар.
|
Ән-өлеңдері де ақындары да көп болған. Патша билеген. Үндістаннан да, Қытайдан да шәй шыққан.
Иероглифтік жазуды қолданған.
|
Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу пайда болған. Қытай жазуы әлемдегі қиын және күрделі жазу.Соған қарамастан Қытайда б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған.Б.з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды.Сөйтіп, әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.
|
2-тапсырма : Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.
2 минут
1. Б. з. б. 551 ж -
2. Б.з.б. 151 ж -
3.Б.з.б. 479 ж –
3-тапсырма :Жауаптарын сәйкестендіріңдер. 3 минут
№
|
Сұрақтары
|
Жауаптары
|
1
|
Өте ертеде иероглифтік жазу қайда пайда болды ?
|
Қытайда
|
2
|
Кун-фуцзы (Кунфуций) қашан дүниеге келген ?
|
Кун-фуцзы б.з.б. 551 жылы дүниеге келген.
|
3
|
Сыма Цянь әкесінің өсиеті бойынша не жазуға кірісті ?
|
Қытай елінің тарихын жазуға кірісті.
|
4
|
Алғаш шайды қалай пайдаланған ?
|
«Шай»сөзі қытайлықтардан шықты.Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды.Сөйтіп,ол басқа елдерге де тарады.
|
5.
|
Қытайлықтар ұсақ,жұмсартылған маталардың қалдықтарын неге айналдырған ?
|
Арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп,одан соң қағазға айналдырған.
|
Шапалақпен бағалау
4-тапсырма :Төмендегі сөздер мен ұғымдардың мағынасын түсіндіріп беріңдер. 3 минут
1.Құбыланама - Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама ( компас) ойлап табылды. Ол өзі қазіргі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік береді.Әсіресе қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып,Үндістан жеріне дейін бара алатын еді.
2.Сейсмограф - Ең ежелгі сейсмографты , яғни жердің сілкінісін алдын ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде қаншалықты дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік беретін аспапты да ойлап тапқан қытайлықтар болды.
3.Жұлдызнамашылар - Аспан денелерінің қозғалысын,орын ауыстыруын жете зерттеді.Соның нәтижесінде қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты.
Смайликтер арқылы бағалау
5-тапсырма : Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут
1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.
2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.
3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.
4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.
5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.
6-тапсырма :Өздеріңді тексеріңдер. 3 минут
Тест сұрақтары
1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?
а) Үйсіндерден. в) Оғыздардан с) Қыпшақтардан д) Ғұндардан
2.Ежелгі Қытайдақайжылдаршамасындашағынмемлекеттерпайдаболған? а) Б.з.б. ІІмыңжылдық в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық с)Б.з.б. І мыңжылдық д)Б.з.б. IVмыңжылдық
3.Ежелгі Қытайқайжердеорналасқан? а)КішіАзияда в)БатысАзияда с)АлдыңғыАзияда д)ШығысАзияда
4.Ежелгі Қытайдақайғасырдабірорталыққабағынғанмемлекетқұрылды?
а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. Ivғасырда
5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?
а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45
д) 36 7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады?
а) Б.з.б.VI мыңжылдық
в) Б.з.б.Vмыңжылдық
с ) Б.з.б. ІII мыңжылдық
д) Б.з.б. II мыңжылдық
8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған?
а) ЕжелгіҮндістанда
в) Ежелгі Қытайда
с) ЕжелгіПарсыларда
д) ЕжелгіХеттерде
9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді?
а) Б.з.б.151ж
в) Б.з.б.155ж
с) Б.з.б. 160ж
д) Б.з.б. 140ж
10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды?
а) 70жасында
в) 73жасында
с) 72 жасында
д) 74жасында
Тест жауаптары
1. Д 6. Д
2. А 7. С
3. С 8. В
4. А 9. А
5. В 10. С
7-тапсырма :Тақырыптың түйінді сөздері 2 минут
Келтірілген сөздердің қайсысы Қытай мәдениетіне жатады ?
Сөздер банкісі
III ғасырда қазіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.Ману заңдарын оқи отырып ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер ала аламыз.Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар.Бұл жаңа -дін буддизм деп аталады. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.
Біздің бүгінгі тақырыптың түйінді сөздері: Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.
Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.
8-тапсырма :ББҮ (3 минут)
Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
IV.Үйге тапсырма: 2 минут
1.Мәтінді оқып келу мазмұндау.
2. «Қытайдың мәдениеті »тақырыбында шығарма жазып келу.
V.Бағалау 2 минут
Сумативті бағалау.
Үй тапсырмасын бағалаудың критерилері
5-тік баға мәтінді түсініп оқу,мазмұндау,шағын әңгіме жазу және өз ойын жеткізе білу, қосымша зерттеу материалдарын табу,талдау, дәлелдеу
4-тік баға мәтінді түсініп оқу,мазмұндау,шағын әңгіме жазу өз ойын жеткізе білу, қосымша сұрақтарға жауап беру
3-тік баға мәтінді түсініп оқу,жаңа сөздерді білу,қолдану
Кері байланыс
Бағдаршам арқылы бағадау
Жасыл түс - өте жақсы түсіндім
Сары түс-әлі де білімімді толықтыру қажет
Қызыл түс-мүлде түсінбедім.
Достарыңызбен бөлісу: |