Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.
Механикалық W энергия мен ішкі U энергияның қосындысын денелер жүйесінің толық энергиясы деп атайды және Е деп белгілейді:
E = W + U = En + Er + U
Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.
Энергияның сақталу және айналу заңы:
Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы - осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.
Топтық жұмыс
1 топ –Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады ?
2 топ – кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуын қалай түсіндіруге болады ?
3 топ – Қазақстан Республикасында отын –энергетикалық ресурстары
Достарыңызбен бөлісу: |