|
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады
|
бет | 2/2 | Дата | 09.08.2017 | өлшемі | 217,85 Kb. | | #23032 | түрі | Сабақ |
| Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.
Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с
Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс: Есеп шығару
№1
Массасы 10 кг дененің импульсі 40 кг·м/с болса, оның жылдамдығы қандай?
№2
Массасы 440 г болатын тыныштықта тұрған допты Асылбек 22 Н күшпен тепті. Доп 20 м/c жылдамдыққа ие болса, күштің допқа әрекет ету уақытын табыңыз.
|
Жеке жұмыс: «Т» кестесі, «Ішке-сыртқа» әдісі
|
Кері байланыс
|
Білім пирамидасы
|
Бағалау
|
Өзін-өзі бағалау
|
Үйге тапсырма
|
§19, 20 Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы 17-жаттығу №1
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|