Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:(мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2. Топқа бөлу (Дала түрлері арқылы топқа бөліну мыс: дала, қуаң дала, ылғалды дала, шөлді дала)
4 топқа бөлінеді. 2 мин
II. Үй тапсырмасы: «Тізбектелген шынжыр» ойыны 3 мин
Шарты: Дала түрлері және өсімдіктері мен жануарлары жайлы бір оқушы сұрақ қойса, екінші оқушы сол сұраққа жауап береді. Осылай тізбектеліп жалғаса береді.
Бағалау: Толық сұрақ –жауап - 3 ұпай
Толықтыруды қажет ететін сұрақ- жауап - 2 ұпай
Толық емес сұрақ – жауап - 1 ұпай
III. Миға шабуыл (зейінін шоғырландыру, дауыстап айтылған ой)
1. Зейінін шоғырландыру 1 мин
1 топ: Суреттегі жануарлардың аттарын ата
2 топ: Шөпқоректі жануарларды ата.
3 топ: Жыртқыш жануарларды ата.
4 топ: Қысқы ұйқыға кететін жануарларды ата.
2.Дауыстап айтылған ой (суреттер беріледі) 2 мин
Мына өсімдік пен жануар жайлы не айтуға болады?
IV. Топтық жұмыс (тақырып аясында талқыла, бөліс) 15 мин
І топ Құзырлылық тапсырма
Дала өсімдіктері мен жануарларының ерекшелігі
1. Қарақұйрық өсімдік тұқымдарымен, сабақтарымен және жәндіктерімен қоректенеді. Иә/ жоқ
2. Қуаң даланың сортаң жерлерінде қаражусан, бұтақараған өсімдіктері өседі Иә/ жоқ
3. Қаражусанды тышқан, қосаяқ, саршұнақтар сүйсініп жейді. Иә/ жоқ
4. Қарақұйрық пен ақбөкен өте жүйрік аң Иә/ жоқ
5. Суыр шөптекті өсімдіктермен қоректенеді. Иә/ жоқ
Ескерту: Әр жауапты түсіндіру. (неге «иә», неге «жоқ»)
1___________________________________________________________________________________
2 ___________________________________________________________________________________
3 ___________________________________________________________________________________
4 ___________________________________________________________________________________
5____________________________________________________________________________________
ІІ топ Дала түрлерінің ерекшелігі (Блум гүлі)
1. Дала түрлерін ата.
2. Қуаң дала көктем мезгілінде құлпырады. Неліктен?
3. Дала өсімдіктері мен жануарларын ата.
4. Дала мен шалғынның айырмашылығы неде?
5. Қуаң даланың пайдасы қандай?
6. Дала өсімдіктері мен жануарларының арасындағы байланыс неде деп ойлайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |