Меншікті байланысэнергиясыныңмассалық А санға тәуелділігіне қарап ядролардың қасиеттері жөнінде негізгі ақпарат алуға болады.
М еншікті байланыс энергиясы деп ядроның бір нуклонына сәйкес келетін байланыс энергиясын атайды. Оны эксперимент жүзінде анықтайды. Ең жеңіл ядроларды есептегенде меншікті байланыс энергиясы шамамен тұрақты және 8 МэВ/нуклонға тең екені 1-суреттен жақсы көрінеді. Сутегі атомындағы электрон мен ядроның иондау энергиясына тең байланыс энергиясы ол шамадан миллион есе дерліктей кіші.
1-суреттегі қисық максимум мәнге жетпеген. Максимал меншікті байланыс энергиясы (8 МэВ/нуклон) болатындар массалық сандары 50-ден 60-қа дейінгі элементтер болып келеді. Бұл элементтердің ядролары ең орнықты.
Z-тің өсуіне қарай протондардың кулондық тебілу энергиясы артатын болғандықтан, ауыр ядролардың меншікті байланыс энергиясы кемиді. Кулондық күштер ядроны жаруға тырысады.
Ядродағы бөлшектер бір-бірімен күшті байланысқан. Бөлшектердің байланыс энергиясы масса ақауымен (дефектісі) анықталады.
Топ пікірлерін тыңдау.