Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты


Ойлан,жұптас, топтас әдісі. Диалогтық оқыту /зерттеушілік әңгіме//сындарлы және қайта бағыттау сұрақтары/



бет169/215
Дата07.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#83076
түріСабақ
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   215
Байланысты:
9 физ ҚМЖ

1. Ойлан,жұптас, топтас әдісі. Диалогтық оқыту /зерттеушілік әңгіме//сындарлы және қайта бағыттау сұрақтары/
Жаңа сабақ АКТ мүмкіндігі/слайд/

Ядролық физикада аса маңызды рөл атқаратын ұғым ядроның байланыс энергиясы. Байланыс энергиясы ядроның орнықтылығын түсіндіруге, ядролық энергияның бөлініп шығуына келтіретін қандай процестер екенін айқындауға мүмкіндік береді.


Нуклондар ядро ішінде ядролық күштермен мықтап ұстасқан. Нуклонды ядродан бөліп алу үшін, зор жұмыс істелуі керек, яғни ядроға едәуір энергия беру керек.
Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз — ядроны түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажет энергия. Энергияның сақталу заңының негізінде жеке бөлшектерден ядро түзілгенде бөлініп шығатын энергия байланыс энергиясына тең деп сенімді түрде айтуға болады. Атом ядроларының байланыс энергиясы өте көп. Бірақ оны қалай табу керек?
Қазіргі кезде байланыс энергиясын атомдағы электрондар үшін жасалғандай етіп теориялық жолмен есептеу мүмкін емес. Осыған сәйкес есептеулерді тек масса мен энергияның арасындағы Эйнштейн қатынасын қолданып қана орындауға болады:
(1)
Ядроның массаларын өте дәл өлшеулер ядроның тыныштық массасы МЯ әрқашан оны құраушы протондар мен нейтрондардың тыныштық массаларының қосындысынан кем болатындығын көрсетті:
(2)
Массалар ақауы дейтін болады: массалардың айырымы оң сан:

Мысалы, гелий үшін ядроның массасы екі протон мен екі нейтрон массаларының қосындысынан 0,75% кем. Соған сәйкес гелийдің бір молі үшін
Нуклондардан ядро пайда болғанда массаның кемуі, бұл жағдайда осы нуклондар жүйесінің энергиясы Е байланыс энергиясының шамасына кемитіндігін көрсетеді:


(3)
Бірақ мұнда Е бай энергиясы мен масса қайда кетеді?
Бөлшектерден ядро түзілгенде бөлшектер, ара қашықтық үлкен болмағанда, ядролық күштер әсерінің есебінен бір-біріне орасан зор үдеумен ұмтылады. Мұнда шығарылатын -кванттың энергиясы Е бай, ал массасы:

болады. Байланыс энергиясы шамасының қаншалықты үлкен екендігін мысалмен түсіндіруге болады: гелий пайда болғанда шығатын энергия мен 1,5-2 вагон тас көмір жанғанда бөлініп шығатын энергияға тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет