Үй тапсырмасын пысықтау
|
. Өткентақырыптарбойыншасұрақтар:
1. Ядролық реакция дегеніміз не?
2. Жасандырадиоактивтікқалайалынады?
3. Табиғирадиоактивтікыдырау мен ядролықреакциялардыңайырмашылықтары бар ма?
|
Оқушылар ауызша орындайды
|
Жаңа сабақ Мағананы тану
Ядроның бөліну механизмі
Атом ядросының бөліну процесін ядроның тамшы моделінің негізінде түсіндіруге болады. Бұл модельге сәйкес нуклондардың жиынтығы зарядталған сұйықтың тамшысына ұқсауы қажет (2, а-сурет). Нуклондардың арасындағы күштер, сұйық молекулаларының арасындағы күштер сияқты, қысқа әсер етуші болып табылады. Ядроны бөлшектерге ажыратып жіберуге тырысатын протондардың арасындағы көп электростатикалық тебілу күшімен қатар, одан да артық ядролық тартылыс күші әсер етеді. Осы күштер ядроны ыдыраудан сақтайды.
Уран-235-тің ядросы шар тәрізді. Артық нейтронды жұтып, ядро қозады да, деформациялана бастайды, сопақтау түрге келеді (2, ә-сурет). Созылыңқы ядро ұштарының арасындағы тебілу күші бойынша да әсер ететін ілінісу күшінен артық болғанша, ядро созыла береді (2,в-сурет). Содан соң ядро екі бөлікке бөлініп, үзіледі (2, б-сурет). Кулондық тебілу күштерінің әсерінен бұл бөлшектер немесе жарықшақтар жарық жылдамдығының 1/30 бөлігіндей жылдамдықпен жан-жаққа ұшады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |