Математикалық маятник дегеніміз-созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген жүкті (ауыр шарды)айтады.
Маятниктердің тарихы
Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тербеліс периодының тербеліс ампитудасына тәуелді болмайтындығын ашқан ғалым
Галилей өз тұжырымын тәжірбие жүзінде дәлелдей отырып , маятниктерді уақыт өлшеуіші ретінде сағаттарда пайдалануды ұсынды.
Бұдан 70 жыл уақыт өткен соң ғана, Х.Гюйгенс осы идеяны жүзеге асырды. Алғаш рет маятникті сағат құрастырып шықты.
Маятникті сағаттар
Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1656 жылы маятникті ойлап тапты. Маятник ( ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша ) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады.