Тақырыбы:Жылы сөз жан жадыратады
Мақсаты: Оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, машықтық, топтастыру
Көрнекілігі: журнал, мағыналы плакаттар, смайликтер
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан, алақай,
Қаунатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
ІІ. Қызығушылығын ояту Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін балалармен бірге айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім - тәрбие берерлік өсиет сөздер бар. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ, сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән - мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету болып табылады.
Дәптермен жұмыс 1-тапсырма Адамға керегі алдымен жылы сөз. Жылы сөз адамның көңіл күйін көтеріп, қуантады.
«Ай» деген өлеңді оқы.
Айға не болған екен?
Ақын айды қалай жұбатты?
Өлеңнің сол бөлігін дауыс ырғағын түсіністікпен, көңілін көтеретіндей қылып оқы.
2-тапсырма Өзіңді ең Мейірімді періштедей сезін. Періште мына сөздерді жиі айтады:
Қапаланба....
Ренжіме...
Мазасызданба...
Қайғырма....
Қамықпа....
Ашуыңды баса ғой....
3-тапсырма Ертегілердің кейіпкері Түлкі қай кейіпкерлерін төмендегідей сөздермен жұбатып, көңілін алады? Үзінді қандай ертегілерден алынған?
ІV. Қортынды
Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді.
Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Рефлексия -Оқушылар бір- бірлеріне сүйіспеншілік жүректерін әдепті сөздермен сыйлайды.
Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын!
Көңілдеріңіз жеткен биікке, қолдарыңыз жетсің!
Пейілдеріңіз ақ моншақтай төгілсін!
Армандарыңыз алып шыңға көтерілсін!
Жүректеріңіздегі жылулық оты өшпесін!