1.Оқушыларды оқу сауаттылығына машықтандандыру барысында аралас мәтінмен жұмыс жүргізу;
2. PISA талаптарына сәйкес ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ұлы саяхатшының зерттеу еңбегінің мәтінімен жұмыс ұйымдастыру кезінде белсенді оқу стратегияларын пайдалану.
PISA талаптарына сай оқу тапсырмаларын өз бетінше орындай алатын құзіретті оқушы тұлғасы қалыптасады
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сабаққа деген ынталарын байқау,бағыттау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Психолгиялық ахуал, бір-біріне сәттілік тілеу, т.б.
Сабақтың эпиграфы: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды»
В.И Веселовский.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақты меңгерту.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 19 ғасырдың демократ-ағартушысы, қазақтың ұлы ғалымы, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ және мәдениет өкілі.
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген.
Арғы атасы – Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, Орта жүз ханы болған.
Анасы – Зейнеп атақты Тезек төренің қарындасы.
Сібірдегі ең 1847 жылы таңдаулы оқу орны Омбыдағы кадет корпусына оқуға береді. Ол кезде Шоқан Уәлиханов 12 жаста еді.
Шоқан Уәлиханов (Мұхаммедханафия
(1835 - 1865)
Әкесі Шыңғыс Уәлиханов өз заманының атақты, білімді тұлғасы және Құсмұрын бекетінің аға сұлтаны болған
Көкшетау өңіріндегі Сырымбет тауының бауырында әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.Ол кісі өте ақылды, парасатты, аңыз-әңгімелер мен дастандарды жатқа білген.
Әр топқа сұрақтарды бөліп беріп, ауызша талдауларын байқау.
.
Келесі тапсырманың түрі ДЖИК СО стратегиясы
Алдынғы берген мәтін тақырыптары бойынша 1-ші топ оқушылары 2-ші топқа, ал 2 –ші топ 3-ші топқа өз әңгімелерін айтып береді.Соңында ойтұжырым жасап, тақырыпты қорытындылайды