Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?
ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
Тақырыбы: «Ат» ойыншығын жасау.
Мақсаты :
Оқушыларға «Ат» ойыншығын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: ат панносы.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру.
1.Тігістің қандай түрлері бар?
2. Тігіс тізбегі қандай қашықтықта болу керек?
ІҮ. Жаңа сабақ
а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен Ат ойыншығын жасаймыз. Ол үшін
1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.
2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.
3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.
4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.
ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |