Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Бармақтай бала. (ертегі) Шарл Перро.
Мақсаты: ертегі авторының ертегілер әлеміндегі рөлін атап өту; ертегіні оқып, мазмұнын түсініп, оның түрін ажырату.
Сабақтың барысы:
Үй жұмысын сұрау. Эссе. «Менің досым». Екі оқушыға оқыту. (3 мин.)
І. Психологиялық дайындық.
Слайдттан ертегі кейіпкерлерінің суреттерін беріп, қай ертегіден екенін табу. Мысалы: «Қызыл телпекті қыз» , «Бауырсақ», «Етік киген мысық». (1 мин)
ІІ. Мағынаны тану.
-Ертегі дегенміз не? (Оқушылардан сұрау) (4 мин )
Ертегідегі кейіпкерлерді сипаттау.
Ертегіде кейіпкерлердің қандай қасиеттері сипатталады? (Батырлар , алғырлар, тапқырлар)
Ендеше осы қасиеттер бойынша 3 топқа бөлінейік. Топ басшысын сайлау.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Шарл Перроның Бармақтай бала ертегісімен танысамыз. (Слайдттан көрсету) (3 мин)
Шарл Перроның өмірімен танысыру.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтін 3 абзацтан құралған. Әр абзацты 3 топқа бөліп беру. Сөздік жұмысын дәптерге жазғызу. (5 мин )
Құн төлеу - балаларды қайтарып алу үшін мал не ақша беру.
Шолан- қараңғы бөлме.
«Үй аралау » стратегиясы бойынша мәтіннің мазмұнын ашу. Мазмұндау. ( 5мин )
Сергіту сәті. (1 мин)
Топпен жұмыс. (Сұрақтар бойынша жұмыс) (5 мин)
І-ші топқа: Сұрақ: Қатыгез Дәуді жеңу үшін Дәу сияқты үлкен күш иесі болу міндетті ме?
ІІ-ші топқа: Сұрақ: Дәуден құтылу үшін Бармақтай бала:
А) ерлік жасады; ә) қулық жасады; б) батылдық пен ақылдылық жасады.
ІІІ-ші топқа: Сұрақ: Бармақтай баланы оның ағаларымен салыстыр.
Шығармашылық тапсырмалар орындау. (4 мин)
І-ші топқа: Мына абзацтағы сөйлемдер саны нешеу?
ІІ-ші топқа: Әр түрлі сөздерден бір сөйлем құрастыру.
ІІІ-ші топқа: «Кім алғыр?» атты ойын.
Тақтада бірнеше сөздер жазылады , 1мин оқып болған соң жабылады да, кім 1мин ішінде қанша сөз жазады.
Қорытынды бөлім.
Бес жолды өлең. (5 мин)
І-ші топқа: «Бармақтай бала»
ІІ-ші топқа: «Дәу»
ІІІ-ші топқа: «Ертегі»
Топтың ішіндегі үлгерімі төмен 3 оқушыға жеке тапсырмалар беру.
1 оқушыға: Түсінгені бойынша сурет салу.
2 оқушыға: Бармақтай баланың бойындағы қасиеттер сенің бойыңда болса ....
3 оқушы: Осы ертегіге ұқсас қандай ертегі білесің?
Бағалау. Әр топағы оқушыны топ басшысы бағалайды. (2 мин )
Рефлекция. Стикерге жазып , қағазға жапсыру. (2 мин )
Үйге тапсырма беру: «Менің сиқырлы етігім болса ...» атты ертегі құрастыру.
«М. Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп » КММ
Ашық сабақ
Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Бармақтай бала. (Ертегі) Шарль Перро.
2 «Ә» сынып
Өткізген: Авсилам Лиза
Достарыңызбен бөлісу: |