Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың үйренген тақпақтарын жатқа айта білуге жұмылдыру



Дата11.01.2017
өлшемі18,33 Kb.
#7060
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Мақсаты: Балаларды отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, тіл мәдениетін жетілдіру, әңгіме құра білу сұраққа жауап беруге дағдыландыру.

Әдіс – тәсілдері: түсінік беру, таттықтыру, сөздік, ойын.

Көрнекіліктер: көрнекі суреттер, кесте әріптер.

Сабақтың барысы.

1). Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың үйренген тақпақтарын жатқа айта білуге жұмылдыру.

2). Өткен сабақты қайталау.

Сұрақ – жауап әдісімен балаларды әңгімеге тарту:

  • Сендер таңертең дене шынықтыру залына бардыңдар ма? Не істедіңдер?

  • Бүгін ән – күй сабағына барасындар ма?

  • Не үйренесіңдер?

  • Қазір қайда келдіңдер? Қай сабақ?

3). Дыбысдық жаттығулар.

  • Ға, - ға, - ға, - аға.

  • Ке, - ке, - ке – әпке.

  • Ні, - ні, - ні – іні.

  • Лі, -лі, - лі – сіңлі.

4). Іңкәрді тыңдасақ. Жұмыс дәптеріндегі суреттермен сөздік жұмысын жүргізу. Сандардың реттік қатарын қайталатып,нүктелерді қосқанда қай әріптің таңбаланғанын айтқызып, бұл әріптен қандай сөздер басталатын суреттер арқылы көрсеу, айту.

5). Бой сергіту.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір.

Иілеміз солға бір.

Жоғары қолды созамыз,

Аяқтың ұшында тұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

6).Тіл дамыту. Сурет бойынша әңгіме құру.

Мынау – тату – тәтті отбасы. Үйде ата,әже, әке, шеше, аға, іні, сіңлі, кішкентай бөпе бар. Ата мен әже - зейнеткерлер.

7). Санамақ үйрену. Отбасы туралы балалар ақындарының санамақтарын айтқызу. Отбасының неше мүше бар екенін санату.

8). Сұрақ – жауап.

  • Мынау кім?

  • Сен бүгін балабақшаға кіммен келдің?

  • Оның аты кім?

  • Отбасында неше адам бар?

9). Ойлан, тап.

Ата, әже, әке, шеше,

Болса есепке талабың,

Айта қойшы, кәне мен.

Неше адамды санадым?

10). Қорытынды.

Жұмыс дәптеріндегі жаттығулардың орындалу жолымен таныстырып, өздік жұмысын тапсыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет