Балалар:Жоқ, жоқ.
Тәрбиеші:Ендеше балалар біздер ертегі орманына аттанайық. Онда бізді «Ертегілер» өлеңі апарып салады.
Тәрбиеші:Ал, балалар ертегіні бастайық, қасқыр мен лақтар ертегісі.
Ерте, ерте заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы болыпты. Ешкі балаларына үй жасапты. Өзі күнде барып, тамақ жинап әкеледі екен. Ешкінің бұл айласын бір күні қасқыр біліп қояды. Ешкі тоғайға кеткенде,ол есік алдына келіп:
-Балаларым шырақтарым,
Қутындаған шұнақтарым,
Сендерге сүт әкелдім
Есікті ашшы лағым- дейді.
Лақтар:есік алдына келіп, біз саған есік ашпаймыз, сен бізді алдап тұрсың, өтірік айтасың дейді. Біздің шешеміздің дауысы сенің дауысыңдай жуан емес,-дейді.
Қасқыр тұрып-тұрып есік ашпаған соң кетіп қалады.
Содан соң түлкі келеді, есік алдына келіп есік қағып:
-Балаларым, шырықтарым.
Қутындаған шұнақтарым,
Сендерге сүт әкелдім.
Есікті ашшы лағым-дейді.
Лақтар:Есік алдына келіп,біз саған есік ашпаймыз,сен бізді алдап тұрсың,өтірік айтасың дейді.
Анасы лақтарына:
-Балалар есікті ашпағандарың жақсы болған есікті ашаңдар,ол сендерді жеп қоятын еді.Бұдан былай да, сақ болыңдар-дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |