Тәрбиеші:Осымен біздің шағын ертегіміз аяқталды.Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет.
Қазір балалардың орындауында би: «Балапандар»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне» саяхат
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Достыққа, татулыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегілердің кейіпкерлерінің суреттері
Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ, өлең, сергіту сәті, ойын.
Барысы:
-Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар: «Мақта қыз бен мысық», «Үйшік», «Үш аю», «Маша мен аю», «Шалқан», «Бауырсақ», «Жеті лақ пен қасқыр»
- Ендеше, біз пойызға отырып, «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз.
І-аялдаманың атын тауып көрейікші.
-Бұл үйде кім тұрады? Кел, бірге тұрайық!
Балалар: «Үйшік» ертегісі
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Балалар: Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, аю.
- Үйді қайсысы сындырды?
Балалар: Аю
- Аюға үйді салысуға көмектескен достары туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Балалар:
Түлкі, түлкі, түлкішек
Түнде қайда барасың?
Апам үйіне барамын
Апаң саған не береді?
Ешкі сойып ет береді
Оны қайда қоясың?
Тал түбіне қоямын
Ит жеп кетсе қайтесің?
Бақан ала қуамын
Жеткізбесе қайтесің?
Жылай-жылай қаламын
Достарыңызбен бөлісу: |