Қоян, қоян тұршы Бақа-бақа, балпақ
Беті-қолыңды жушы Басың неге жалпақ
Айнаға қарашы Темір телпек көп киіп
Шашыңды тарашы Басым содан жалпақ
Әйбат көйлек кисеңші
Дөңгеленіп билесеңші
- ІІ-аялдаманың атын тауып көрейік.
-Лақтарым, шұнақтарым
Есікті ашшы, қарақтарым
Балалар: «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі
- Лақтардың енесі қайда кетті? Ешкі жабайы немесе үй жануары ма? Ешкі мен лақтарын қасқырдан құтылуға көмектесеміз бе?
Балалар: Үй жануары. Иә, көмектесеміз.
- Бір ойын ойнайық. Ойынның аты: «Дауысынан таны»(тақтаға оқушы шығып жануарлардың, құстардың даусын жасырады)
ІІІ- аялдамамыз қалай аталады екен?
-Ападан да қаштым
-Атадан да қаштым
-Енді, сеннен қашу оңай
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
- Дұрыс таптыңдар. Бауырсақ қандай аңдардан қашты? Енді, оны түлкіден құтқаруға көмектесейік.
Балалар: Ападан, атадан, қояннан, қасқырдан, аюдан қашты. Иә, көмектесеміз. Тәрбиеші: Ол үшін сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Қоян қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Түлкі қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
- Бауырсақты түлкіден құтқарып алдық. Келесі ІҮ-аялдамамыз қалай аталады екен, тауып көріңдерші.
- Ертеде ата мен апа өмір сүріпті. Ата көмекке апаны, немере қызын, күшікті, мысықты, тышқанды шақырыпты.
Балалар: «Шалқан» ертегісі.
- Осы ертегіні рөлдерде ойнап берейік.
Автор: Ертеде ата мен апа өмір сүріпті. Ата шалқан егіп, жаз бойы күтіп-баптайды. Күз түскенде шалқанды жинап алайын десе, шалқаны үлкен болып өсіп кетіпті. Ата ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Кемпірім-кемпірім, бері келші, көмектесші.
Апа: Жарайды, көмектесейін.
Автор: Кемпірі атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Кемпірі немере қызын көмекке шақырады.
Апа: Қызым-қызым, бері келші, көмектесші.
Қыз: Жарайды, көмектесейін.
Автор: Қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Қыз күшікті көмекке шақырады.
Қыз: Күшігім-күшігім, бері келші, көмектесші.
Күшік: Жарайды, көмектесейін.
Автор: Күшік қыздың етегінен,қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Күшік мысықты көмекке шақырады.
Күшік: Мысығым-мысығым, бері келші, көмектесші.
Мысық: Жарайды, көмектесейін.
Автор: Мысық күшіктің құйрығынан,күшік қыздың етегінен,қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Мысық тышқанды көмекке шақырады.
Мысық: Тышқан-тышқан, бері келші, көмектесші.
Тышқан: Жарайды, көмектесейін.
Автор: Тышқан мысықтың құйрығынан,мысық күшіктің құйрығынан,күшік қыздың етегінен,қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,жұлып алады.
-Шалқанды жұлуға кімдер көмектесті?
Балалар: Апа, қыз, күшік, мысық, тышқан-деп жауап береді.
-Бір-біріңе көмектессеңдер, тату, дос болсаңдар, барлығын да жеңесіңдер. Тату, дос боламыз ба,бір-бірімізге көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, тату, дос боламыз, көмектесеміз.
-Енді, тобымызға оралайық. Балалар, пойызбен қайда бардық? Қандай ертегілердің кейіпкерлерімен кездестік. Нелерге көмектестік?
Балалар: «Ертегілер еліне» бардық. «Үйшік», «Шалқан», «Бауырсақ», «Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерінің кейіпкерлерімен кездестік. Аюға, бауырсаққа, ешкі мен лақтарына көмектестік.
. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |