бет 2/3 Дата 12.12.2023 өлшемі 1,42 Mb. #196498 түрі Сабақ
Байланысты:
Инерция құбылысы. 2023 ашық сабақ ppt 3-тапсырма. Есеп шығару. «Фонарик» әдісі. 1) Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде , үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнінің массаға тәуелділігін анықтаңыз. 2) Екі арбаша әрекеттескеннен кейін олардың жылдамдықтарының өзгерістері 20 және 60 см/с болды.Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг болса , кіші арбашаның массасы қанша болған? Дескриптор: Білім алушы - Есептің берілгенін жазады. - Шамаларды ХБЖға айналдырады. - Қажетті формуланы жазады. - Белгісіз шаманы табады. - Жылдамдықтың массаға тәуелділігін анықтап түсіндіреді. Жалпы –5 ұпай ҚБ: «Толық ай мен жарты ай» 4-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суреттерді инерцияның пайдасы мен зиянына бөліп мысалдар арқылы түсіндіреді. 1 топ Тұрмыстағы инерцияның пайдасы мен зияны. 2-топ Техникадағы инерцияның пайдасы мен зияны. 3-топ Спорттағы инерцияның пайдасы мен зияны. Жалпы топтарға Табиғаттағы инерцияның пайдасы мен зияны. Дескриптор: Білім алушы -Инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы–2 ұпай ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» 5-тапсырма. «Кім жылдам?» әдісі. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтада көрсетілген бес сұрақтан тұратын тесті орындауды ұсынады. Дескриптор: Білім алушы - Тест торындайды. Жалпы – 5 ұпай ҚБ: Бағдаршам Тест тапсырмасы: 1. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ... a) Артқа қарай құлайды b) Тыныштықта қалады c) Алға қарай қозғалады d) Оңға қарай қозғалады 2. Инерция заңын ашқан ғалым а) Аристотель b) Г. Галилей с) И.Ньютон d) М.Ломоносов 3. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы A) масса b) инерция c) күш d)материя 4. Көлбеу жазықтық бойынша қозғалған арбаның үстінде білеуше орналасқан. Егер арба кедергіге тап болса білеушеге не болады? a) Артқа қарай құлайды b) Ештеңе болмайды c) Алға қарай құлайды d) Оңға қарай құлайды 5. Автобус жолаушылары еріксіз солға қисайды. Себебі неде? a) Автобус оңға бұрылды b) Автобус жылдамдығын азайтты c) Автобус солға бұрылды d) Автобус жылдамдығын арттырды Достарыңызбен бөлісу: